«Мейіржанға бостандық!»: Бір топ белсенділер Мейіржан Төребаевқа әділдік сұрады

0
1 463

«Балама жала жабылып отыр» деген блогердің анасы соттың алдында жылап қалды


«Мейіржанға бостандық!»: Бір топ белсенділер Мейіржан Төребаевқа әділдік сұрады

Жуырда Отандық танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынғаны туралы белгілі болған еді.

Бүгін бір топ белсенділер, блогердің анасы және жақын туыстары Алматы қалалық сотының алдына келіп, «Мейіржанға бостандық», «Қаржы пирамидасының құрбаны» деген плакаттарды ұстап, соттың төменге түсіп, қоғамдық пікірді тыңдағанын талап етті.

«Мейіржанның кінәсіз екенін салымшылар да айтып жатыр. Ол да қаржы пирамидасының құрбаны болды. Ол еліміз бойынша жағдайы төмендерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрдайым қол ұшын созып жүретін азамат. Ол өз отбасына, еліне керек. Шын жемқорлар мен қылмыскерлерді қамасын. Мейіржанды жазықсыз ұстап отыр. Ол жапа шегуші, бірақ, оны ешкім де ескеріп жатқан жоқ», - деп шындықтың бетіне тура қарауға шақырды олар.



Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, осы іске ара түсуін сұрады.