"Мен алдандым": Ернар Айдар қазақстандықтарға видео үндеу жасады

0
1 702

Әнші тергеу жұмыстарының әділ өтуіне көмектесетінін айтқан.


Әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан кезде ұсталып, басы дауға қалған әнші Ернар Айдар қазақстандықтарға инстаграмм парақшасында видео үндеу жасады.

"Ассаламағалейкум, ардақты ағайын! Баршаңызға ораза қабыл болсын! Бүгін ғана телефонды қолыма алдым. Қарап жатырмын. Біріншіден, мен үшін уайымдап, қолдауын көрсетіп, тілекші болып жатқан барша жанға, барша ағайынға алғысымды білдіремін. Және осы істің ақ-қарасын білмей, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Сол ұтысты ұйымдастырған ұйымдастырушылардың барлығы қамауда. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол тергеуге жұмыстарының әділ өтуіне мен де өз тарапымнан көмегімді беріп жатырмын. Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым. Баршаңызға жақсылық тілеймін ағайын", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші алдағы уақытта істің мән жайын хабарлап отыратынын жазған.



Еске салайық бұған дейін Ернар Айдардың карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны және лотереяға тіккен көліктерді уақытша жалға алғаны туралы жазған болатынбыз.


ERNUR.KZ.