"Мен әлі талай ән шырқайтын боламын": Индира Расылханға ота жасалатын күн белгілі болды

0
91

Әнші өзін қолдап, дұға-тілектерін білдірген оқырмандарына алғыс айтты.


Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жаңалығымен бөліскен. Отаның нақты қай күні болатынын айтқан әнші өзін қолдаған оқырмандарына алғысын білдірді. Ол денсаулығының оңалып, әлі талай сахнаға шығып, халықты қуантатынын да қоса жазды.

"Мен сені сүйем жарық күн! Ниеттеріңізге, білдіріп жатқан дұға тілектеріңізге Алла шексіз разы болсын! Алла қаласа дүйсенбі күні, мүмкін сейсенбіде ота жасалатын болады. Алла сіздердің дұғаларыңызды біліп тұр. Сол себепті бәрінің де сәтті өтетініне сенімдімін.
Мен әлі талай сіздердің алдыларыңызда ән шырқайтын боламын. Өздеріңізге көптен көп рахметімді шын жүрегімнен жаудырдым
", - деп жазды талантты әнші.

Өнер иесінің жазбасын көргендер ниет-тілектерін жаудырған. "Аман-есен сахнаға қайта оралыңыз! Алла жар болсын!", Ең жақсы көретін әншіміздің бірісің. Бәрі сәтімен болсын!", - деп жазған оқырмандар Индира үшін дұға етіп, тілектерін білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз кешкі сағат 19:00 шамасында Индира Расылхан Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілген. Индира Расылханның администраторының айтуынша өнер иесін іш құрылысындағы ауруы көп уақыттан бері мазалап жүрген. Сол ауруы асқынып, әнші ақ халаттылардың көмегіне жүгініпті.

Кейін әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "Құрметті оқырмандарым бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! Мен ота жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын! Мен сіздермен біргемін. Қазақ елі, шексіз махаббатым", - деген жазба қалдырған еді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет