Әйелі мен балалары оның туған күніне қатыса алмайды
Ертең, яғни 25 ақпан күні Қазақстанның хитмен әншісі Қайрат Нұртастың туған күні. Ол 33-ке толғалы жатыр. Жыл сайын туған күнін айрықша атмосферада, ерекше көңіл-күймен тойлайтын эстрада жұлдызы бұл жолы Мальдив аралдарына аттанбақ.
Дегенмен, өнер иесі туған күнін елде де достарымен, жақындарымен алдын ала атап өтті. «Аяқ асты туған күнімді тойлап жатырмыз. Қалған қонақтарды күтіп отырмыз», - деп видео салды ол.
Ашық дереккөздерге сенсек, Төреғали Төреәлі өнердегі бауырын құттықтап келді. Ерсін деген досы көлік сыйлап, қуантты. Қайрат Нұртас туған күніне сыйға алған көлігін Алау не Сезім қыздарының біріне беретінін айтып, ағынан жарылды.
33 жас туған күнінде эстрада жұлдызының отбасы, балаларымен бірге тойламағаны көңілді құлазытады. Мейрамханаға бара жатып, көліктің ішінде балаларының видеосын көріп отырып, көзіндегі жасты, толқынысын жасыра алмады. «Мен ойсыз емеспін, біреулер ойлағандай», «Ессіз де емеспін», «Туған күнімде балаларымның жанымда болуларына барымды салсам да, бұйырмады. Алла хайырын берсін. Ақ жол» деп жазды әнші.
Күйеуі туған күнін елде бір, шетелде екі атап өтіп жатқанда Жұлдыз Әбдікәрімова «Табиғатпен үндескен жүрек үні» деп табиғат аясында отырған суретін жүктеді. Желі қолданушылары «Мынау мына жақта жүр, өзімен-өзі әлек боп», «Қызық, күйеуінің туған күнінде қасында болмай ма екен?!» деп жазды.
Жұлдызды жұптың осындай айтулы күні екі жақта болуы желідегілердің көңіліне күдік пен күмән, уайым ұялатты. Қайрат пен Жұлдызды біресе ажырасты, біресе ажыраспады деп сан саққа жүгіртіп жүрген олардың бұл жолы ұнжырғасы түсіп кеткен сияқты.