"Мен рухтармен сөйлесемін": Белгілі тележүргізуші регрессология үйретіп жүр

0
1 795

Белгілі тележүргізуші, "Жанат Бақыт" сән үйінің иесі Жанат Бақыт қазіргі таңда жаңа іліммен айналысып жүр.


Оның айтуынша, қазір біз жаңа дәуірге ауысқанбыз. Қазіргі апаттар белгілі бір құдіретті күштердің ауысуынан болып отыр. Мұны ол рух және періштелермен сөйлесу арқылы білген.


Бұл туралы ол өзінің парақшасында тікелей эфирде мәлімдеді. Жанат Бақыт бұл ғылыммен біраздан бері айналысатынын айтты. Ғылымды өзгелерге де үйрететінін мәлімдеді.



Оқырмандар бұл тарапта екіге бөлінген. Бірі бұл ғылымды дұрыс десе, екіншілері мұндай ғылыммен ғалымдар айналысуы керек деген пікірді жазып отыр. "Періштемен сөйлесу деген не сұмдық, мына кісі қуа бастапты", "осыған да сенетіндео бар екен-ау" деп жазды желі қолданушылары.