«Мені бір бөлмеге қамады да тастады»: Майра Мұхамедқызы жолдасының қаталдығын айтты

0
8 909

«30 жыл бірге тұрған күйеуіммен 15 күн сөйлеспей қойдым»


«Мені бір бөлмеге қамады да тастады»: Майра Мұхамедқызы жолдасының қаталдығын айтты

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Covid-2019 вирусын алғашқылардың бірі болып жұқтырыпты. Бұл вирус өнер иесін қатты әбігерге салыпты. Өлім мен өмірдің арасында жандалбасалап, үйінде бір бөлмеде оқшауланып, күйеуінің карантиндік талаптарды қатаң сақтауының арқасында ауруынан айығыпты.


«Ковидпен алғаш мен ауырдым. Маңымдағылардың үрейі қашқаны сонша оларға қарап өзімді қатты кінәләдім. Таңғы 8 жолдасыма: «Тез, тұршы, больницаға барайық әкетіп барады» десем, «Сені ешкім қабылдамайды» дейді. Сенбедім. Машинаңның кілтін бер дедім де больницаға қарай өзім жалғыз тарттым. Қақпаны қара дәу құлыппен қоса темір шынжырмен құлыптап тастаған. Емхананың қақпасынан телміріп қарап айқайлап тұрмын: «Дәрігерлер қайдасыңдар? Аууу…Не дәрі ішу керек еді?» деп, өзімнен-өзім сұрап қоям. Емхана тас қараңғы, адам жоқ. Сонда ойға түскені «Неге дәрігер мамандығын таңдамадым кезінде? Нем бар еді ән айтып?!» деп қақпаға асылып жылағаным әлі есімде. Басым салбырап үйге келдім. Жолдасым маған: «Оның емі де жоқ, дәрісі де жоқ! Тек Карантин! деп мені бір бөлмеге қамады да тастады. Карантин деген сөздің мағанасын сонда ғана білдім. Ой, өкіріп жылағаным-ай!
Мен осылай бостан босқа өлмеймін әлі бәріңе көрсетемін деп арасында жолдасыма айқайлап-айқайлап аламын да талып түсемін…»
- деген опера әншісі температурасы 39 °С-қа бір-ақ шығып, тамағынан қылқынғандай, өлуге әзер қалғанын сипаттап жазды.


Адам жаны ауырғанда, Алланы іздейді демекші, бүкіл өмірім көз алдымда кинодай өтіп жатты. Сүрелерді аңыратып бірінен соң бірі қосып қойдым. Азанның даусы әлсін-әлсін құлаққа естіледі. Өйткені, жанымызда Хазірет Сұлтан мешіті бар.
Ақырындап өзіме келе бастадым. Тамақ уағында келмесе, есікті ұрып «Сорпа қайда?» деп айқайлап қоям. Өмірімде жемеген құйрық май мен сорпаға әбден тойдым. Жолдасымның ет асқаннан басқа тамақ жасай алмағанның пайдасы сол болды. Соңында дәрісіз сорпамен емделіп жазылдым. 17 күн өткенде әндете бастадым, маған сенбей жолдасым өзі дәрігерге алып барды. Өкпе 100% таза. Кислород 98! Отрицательно дегенде «Уф!» дедік.
Өзің мен өзгенің сақтығы үшін деп ұрандатқан күйі тәуекелге басып, вакцинаны бірінші болып мен салдырдым. Қандай реакция болады екен деп аңдыған жұрналистер мен маңымда біраз адамдар қарап тұрды. Бірақ, 2 реткі вакцинада да қалтырап жеңіл ауырып тұрдым. Ауырмайық! Амандықта болайық!
– дейді Майра Мұхамедқызы.


Сонымен бірге жолдасына біраз ренжігенін, қатты өкпелеп 15 күн сөйлеспей қойғанын да жасырмады.


«30 жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген адамдар едік, мынауың қай сасқаның?» деп түсіне алмадым. Мен жатын бөлмеде. Аида залдағы диванда. Өзі басқа бөлмеде. Мысық кітап бөлмесінде. Мұрка күні бойы мяулап аллю аллю деп тамағы қарлығып есікті тырмалап шаршап, Соңында ол да тынышталды. Нешінші күн екені есімде жоқ. Басымды көтердім. Үйдің іші тым-тырыс. Далаға шығатын есіктің сигналы жаңа ғана мұзыкасы ойналып бітті. Ақырын ептеп аяқтың ұшымен бөлмеден шығамғой кинодағыдай, просто қолымда тапаншам жоқ! Кухняға кірсем бүкіл ыдыс-аяқ жәйылымға шыққан. Үй-іші жәрмеңке! Менің тамақтанған ыдысым басқалардан мүлдем бір бөлек алыста тұр. Қатты бір өксік қысып тұр тамағымды. Бүкіл жер айғыз-ұйғыз аппақ дақтың ізі (Ол ешқашан ыдыс-аяқты Ферримен жұмайды адамға зиян деп тек СОДАмен) Көз алдамда 50 қап сода тұр. Магазиндегі соданың бәрі біздің үйде. Дүкенде сода қалмаған шығар-ау сірә деп ойлап тұрғанымда: «МаМа!» деп шыр еткен дауыс. Аида жүгіріп келіп белімнен құшақтап мені бас салғанда, вирусың қайда, өзім қайда, екеуміз аңырап жылап көрісіп тұрмыз. Бір-бірімізді жоғалтып алған адамдар сияқтымыз. Біраздан соң, есіме өзімнің науқас екенім есіме сақ ете қалды да, Аиданы екі метр алыстау жерге отырғызып, бүгінгі болған көрісуді әкесіне айтпауға келістік. Енді осыдан былай жасырын түрде кезігіп тұрамыз деп уәделестік.

Баламның көзіндегі жаңағы мен көрген қорқыныш сейілдеп, күлкісінен сезіп тұрмын әкесінің бүкіл қимылын жыр қылып мазақтап айтып тұрғанын. «Әкем сырттан азық-түлік сатып әкеледі де, балконға шығарады. Үстіне спирт шашады. Сол жерде бүкіл киімін шешіп іліп қойып оған да шашып сосын душ қабылдап таза киімін киіп шығады. Лифтің нөмірін машинаның кілтімен басады. Қолында қолғап, аузында маска!» дейді қызым. Ол рас. Күн сайын ертелі-кеш мені ваннаға кіргізіп тастап, бүкіл терезені ашып тастайды. 13-қабаттағы терезеден соққан Астананың ызғарын ойлап көріңіз! Сосын, орын көрпе жастықтың тысын қопарып жаңалап, онымен қоймай менің үстімдегі киімдерді шешіп алып кетеді. Бәрінен қызығы, кірді жуып болғасын машинаны ерінбей уксус не спирт бар ма тазалап шығады. Мүмкін сондай тәртіп пен тазалықтан да шығар аман қалғаным, кім білсін? Аида жатарда менің майкімды іскеп ұйықтап жатыр. Е, балаға анадан басқа не керек дейсің?!.
Коронавирус шынымен бүкіл әлемді жалмады. Қанша жазықсыз адамдар көз жұмды… Ол туралы фильмдерге небір сюжеттермен оригиналды хикаялар жетеді. Әр отбасы бір-бір кино!
Бұл індеттің көзі жойылып бұрынғы өмірімізге қайта оралсақ екен деген азамзаттың ортақ үмітіне айналды бүгінде,
- деп аяқтады сөзін.


Өнер иесінің денсаулығына алаңдаған желі қолданушылары «Ауырмаңыз Майра апайым. Немере, шөбере, шөпшек көріңіз», «Өзіңізді сақтап жүріңіз, сақтанғанды Құдай сақтайды» деп жылы лебіздерін жазуда.