"Менің көзім мүлде көрмейді...": Айнұр Тұрсынбаева көзіне ота жасататынын айтты

0
4 638

Айтыскер ақын Түркия елінде ота жасатуға дайындалып жатыр.


Айнұр Тұрсынбаева Стамбулдағы атақты ауруханалардың бірінде көзіне ота жасатпақ. Бұл туралы ақынның өзі instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Ота бір айдан кейін жасалады екен.

"Біреу біліп, біреу білмес бірақ менің көзім мүлде көрмейді десем де болады.. Бір көзім -6; екіншісі -7; Бұйырса келесі айда осы жерде ота жасатып 100% көру мүмкіндігіне ие боламын... ", - деп жазды Айнұр.

Сондай-ақ, ол қазіргі балалардың телефонды көп қолданғандықтан көздері нашарлап бара жатқандығын айтып қынжылады.

"Қазірден көзілдірік кисе өскенде не болмақ...?! Алла шипа берсін!", - деген пікір қалдырған.


Айнұрдың жазбасына оқырмандары бей-жай қарамаған. Олар сүйікті ақындары үшін Алладан шипа сұрап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Алла өзі шипасын берсін, қазақтың маңдайына біткен ақын қызы! Ешқашан ауырмай, бай қуатты, деніңіз сау болсын! Жалпы адамзат баласы ауырмай, бақытты өмір сүрсін, әмин. Бәрі сәтті өтсін!", - деп тілек білдірді желі оқырмандары.