Меруерт Түсіпбаева: "Балам сәл ауырып қалса, өліп қалады деп қорқатынмын"

0
1 570

"Наркоздан ояна салып, сені іздегенмін..." дейді әнші.


Меруерт Түсіпбаева:

"Құдайдан бір, адамнан бір жалынып сұрап алған көзімнің ағы мен қарасы" деген Меруерт Түсіпбаева баласын туған күнімен құттықтады. Оның жүрек жылытар жазбасы көпшіліктің көңілін босатты. Ол бұл жазбаны өзінің инстаграм желісіндегі жеке парақшасына жариялады.

Меруерт Түсіпбаева: "Балам, 20 жасың құтты болсын! 20 жыл бұрын сен дүниеге келгенде, дәрігерлер мені жансақтау бөліміне жіберіп, сені әжеңнің қолына ұстатқан еді... Наркоздан ояна салып, сені іздегенмін... Мен сені алғаш көрген сәттен- ақ жанымдай жақсы көргенмін.... Бетіңе үңіліп , мааааа, шынымен мен ана атандым ба ? Мынау менің балам ба деп өзіме разы болғаным есімде.... Досым @sadykova1975 куә, сен сәл ауырып қалсаң, өліп қалады деп қорқып, паника болып, жедел жәрдем шақыратынмын.... Уақыт қандай жүйрік.... Құдайдан бір, адамнан бір жалынып сұрап алған, көзімнің ағы мен қарасы, бір тал балам, жорытқанда жолың болсын!! Майами уақыты бойынша , сені ертең құттықтаймыз...Жақсы тілек көптік етпейді... Ең бастысы- аман бол!! Бақытты бол!! Өз жолыңды , өз бағыңды табуға нәсіп етсін!! Аллах жар болсын!!".


Мұны оқыған оқырмандар "Соңғы суреті, ауылдың көрінісі деп түсеретін кинодағы бала сияқты. Мықты азамат болсын балаңыз!", "Ұлыныздың туған күнімен! Өмір жасы ұзақ, дені сау, бақытты болсын, алар белестері көп болсын,сізге рахатын көрсетсін!" деген ізгі тілектерін айтып, өз балалары туралы да естеліктерін жазуда.