​Миллион жинаған жұлдыздар

0
2 875

Иә, миллион жинаған жұлдыздар. Шоу бизнестің қаймақтарының есепшоттағы қаржыларының қанша екенін білмейміз, бірақ әлеуметтік желідегі миллиондарын саралап көрейік. Бүгін инстаграмдағы миллион жинаған жұлдыздардың ондығын ұсынамыз.


​Миллион жинаған жұлдыздар

Иә, миллион жинаған жұлдыздар. Шоу бизнестің қаймақтарының есепшоттағы қаржыларының қанша екенін білмейміз, бірақ әлеуметтік желідегі миллиондарын саралап көрейік. Бүгін инстаграмдағы миллион жинаған жұлдыздардың ондығын ұсынамыз.

«Миллионерлердің» сапын атышулы, әрбір жазбасы «хитке» айналып кететін Баян Мақсатқызы бастайды. Оның инстаграм парақшасына 2,8 миллион оқырман жазылған. Бұл бикешті даттайтындар да, мақтайтындар да жетерлік. Дегенмен оның жазылушылары өте белсенді. Күніне 3-7 аралығында жазба жариялайтын продюсер ханымға 60-70 мың лүпіл басылып, әр жазбаға орташа есеппен 3000-ға жуық пікір жазылады. Бірақ экс-Есентаева оқырманның дауынан жалыққан сыңайлы, өйткені көп суреттеріне пікірді бұғаттап тастаған.

Бұл сапта екінші тұрған, көпшілік қазақ эстрадасына келген «ерекше құбылыс» деп бағалайтын Қайрат Нұртас тұр. Оның 2,6 миллион оқырманы бар. Әншінің бір жазбасына орта есеппен 50 000 мыңнан аса лүпіл басылады. Мойындау керек, қазақ Қайрошын өте жақсы көреді, сондықтан да оған жағымды пікір жазатындар көп. Өткен жылы өзінің Жұлдызын көрсеткен әнші, осы жылы халыққа балаларын таныстыруы мүмкін деген жорамал бар.

Үшінші орынды «Қалаулым» арқылы ел арасында басы дауға қалып жүрген Аша Матай иеленген. Оның да инстаграм парақшасын 2,6 миллион оқырман оқиды. Күніне 2-3 рет жазба салатын әншіге шамамен 700-ге жуық пікір жазылады. Оның басым бөлігі «Қалаулымға» қарсы көрермендер сияқты. Сондай-ақ Аша ханым парақшасына көбіне өз суреттерін салады, арасында жарнамалық жазбаларды да байқау қиын емес.

Ал миллион жинаудан 4 орынды ғашығына «Қайда?» деп іздеу салып жүрген Ерке Есмахан иеленеді. 2,5 миллион оқырманы бар парақшасына сән бикелердей сызылып тұрған суреттерін салатын Ерке ханымға лүпіл басатындар өте көп, шамамен әр постын 80-90 мың ұнатушы бар. Ерке ханым өзінің суреттерімен ой салатын сөз жазуға шебер.

Ал бел ортада халықты шулатып жүрген Төреғали Төреәлі тұрақтаған. Әннен бөлек, сөзге де шебер Төреғали халықты қалай шулатуды да, керек тұсында жылытуды да біледі. Инста әлемде 2,1 миллион жазылушысы бар Төрештің жазбалары шамамен 30 мыңдай лүпіл жинайды.

Миллионерлердің алтылығына Сәкен Майғазиев жайғасады. Кей тұста еркелігін де, өкпесін де, керек уақытында ақылын да айта білетін Сәкен Майғазиевтің оқырман саны 2 миллион. Бірақ неге екенін, оның аудиториясының белсенділігі төмен сияқты, себебі жазбаларында шамамен 15-25 мыңдай лүпіл бар.

Қасиетті жеті деген санды халықтың сүйікті ұлы Мейрамбек Бесбаев еншілейді. Әр әні жүректен шығып, жүрекке жететін әншінің инстаграм парақшасында 1,7 миллион оқырман бар. Өзгелермен салыстырғанда әнші әлеуметтік желіде аса белсенді емес.

Ал миллион жинау жағынан сегізінші орынға Ләйлә Сұлтанқызы лайықты. Оның да 1,7 миллион оқырманы бар. Мойындау керек, Ләйлә ханым қазақ тілді журналистердің арасында сұранысы жоғары жан. Желіде өте белсенді, кейде оқырмандарының пікіріне де жауап береді. Соңғы уақытта кері байланыс орнатып, оқырмандармен ерекше марафон ұйымдастырып жүр. Десе де, оған қойылатын лүпілдер мен жазылатын пікірлер көп емес.

Тоғызыншы миллионер әнші әрі продюсер - Бүркіт мырза. Оның да оқырманы жоғарыдағы екі жұлдызбен бірдей. Бүркіт мырза да желіде белсенді, көбінде тойда жүретін жұлдызды жұп сапалы суреттерімен ерекшеленеді. Парақшасында өзінен гөрі сүйікті жұбайының суреттері басым.

Енді ондықты қорытындылайтын миллионер - Мөлдір Әуелбекова. Өнер сахнасында көп үзіліс жасаса да Мөлдірдің жанкүйерлері кеміген емес. Қазір шығармашылыққа ден қойған сұлудың 1,6 миллион жазылушысы бар.

Фото: әлеуметтік желіден алынды