Арбада отырған досымен ән салған жігіт жұртты жылатты (видео)

0
8 288

Сахнада "Досым" деп ән айтқан жігіттер елдің жүрегін елжіретті.


Арбада отырған досымен ән салған жігіт жұртты жылатты (видео)

Бүгін әлеуметтік желіде көңіл толқытатын видео жазба пайда болды. Оны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа жариялады.

Видеода екі жігіт Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллиннің орындауындағы "Досым" әнін орындаған. Ән айтқан жігіттің бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбада, ал досы оны қолдап қасында бірге ән шырқап тұр. Видеоны жүктеген әнші "Кеуде бөлек жаны бір достар көп болсын. Алла жар болсын бауырларға жүрекке жылылық ұялатады мына көрініс..." деп пікір қалдырған.


Видеоны көрген тыңдармандар жүректеріне әсер еткенін айтып, екі жігітке ізгі тілектерін жарыса жазып жатыр. Қазіргідей заманда өз жаныңмен үндес досты табу да бір бақыт емес пе? Пікір жазушылардың барлығы дерлік өздеріне адал, жақын дос тілеген.

Фото-видео: abdizhappar_alkozha

ERNUR.KZ