«Мұндай баға нарықта жоқ!»: Айнұр Тұрсынбаева жаңа ерекше бизнес бастағанын сүйіншіледі

0
1 355

«Алғашқы партиясын ұлымның тойында тарқаттым»


«Мұндай баға нарықта жоқ!»: Айнұр Тұрсынбаева жаңа ерекше бизнес бастағанын сүйіншіледі

Белгілі айтыскер, коуч, мотиватор Айнұр Тұрсынбаева тағы бір жаңа өзгеше кәсіпті қолға алғанын асыға сүйіншілеп жазды. Айтыскер бұған дейін Стамбулдың бүткіл әшекейлерін зерттеп шыққанын, алғашқыда алтынмен айналысқысы келгенін, бірақ, алтын бизнесіне көп ақша салу керек болған соң, күміспен айналысамын деп шешім қабылдағанын айтты. Нәтижесінде ерекшелену үшін күмістерді бриллиантпен шығаруды ойлапты. @aidynnury_diamond атты жаңа кәсіп дүниеге келіпті. Алғашқы партиясын жақында ғана өткен ұлының тойында тарқатыпты.


«Қол жетімді баға! Таза күміс! Таза бриллиант! Сапалы әшекей! Барлық заттың сертификаты бар! 10-15 күнде қолыңызға аласыз!» - дейді ол.



Айнұр ханымның жаңа кәсіп ашқанына оқырмандары да қуанып жатыр.

«Мәә жақсы болған екен құтты болсын, Алла берекесін берсін!», «Жаңа идеялар туындай берсін!», «Керемет туындылар», «Супер!», «Әумин! Керемет екен. Жұмысыңызға берекет берсін. Ісіңізге сәттілік. Бізге де тойға тарату Алла нәсіп етсін!» деп жазды.