"Мынау қандай салт?": Жас жұбайларды шикі етпен аластағандар желіні шулатты (видео)

0
2 623

Видеоның қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз.​


Әлеуметтік желіде жаңа отау құрған жастарды дастарханның астына алып, үстінен шикі ет айналдырып аластағандар көпшілікті таңқалдырды.

Жұртты шулатқан видео Instagram-дағы @kaz_stars парақшасында жарияланған.

Кадрдан елімізде жоқ салтты жасап жатқан әйелдің «алас, алас, пәле-жаладан алас» деген сөздерін естуге болады.

Жұрттың таңданысын тудырған бұл видеоға пікір қалдырушылар саны толастар емес.

«Өкпемен қағу деген үйленген кезде жасалатын дəстүр емес. Адам қатты сырқаттанғанда жасалады, білетін тəуіп,молдалар ауру адамды өкпемен қағып аластайды», «Қазақта мұндай салт жоқ, ойларына келгенді істемеңдер», «Қазақтар емес-ау», «Қуды мыналарың»,"Естімеген елде көп" деген осы шығар", "Мұндай салтты ешқашан естімегенмін", "Салтты ойдан шығара беретін болды ғой қазір" - деп шуласты желі қолданушылары.

Әзірге видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

ERNUR.KZ.