​«Мыңдаған адам алданып қалды»: Jah Khalibтің Ташкенттегі концертінде жаппай тәртіпсіздік орын алды

0
902

Қазір бұл іс бойынша тергеу-тексеру жүріп жатыр


​«Мыңдаған адам алданып қалды»: Jah Khalibтің Ташкенттегі концертінде жаппай тәртіпсіздік орын алды

Белгілі рэпер Jah Khalib Өзбекстанды шулатты. Ташкент қаласында жоспарланған концерт жаппай тәртіпсіздік пен төбелеске ұласып, құқық қорғау қызметкерлерінің араласуымен аяқталды.


Өзбекстандық gazetauzb басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, билеті бар мыңдаған адам «Humo Arena» стадионындағы концертке кіре алмай қалған. Соның салдарынан наразылық туып, адамдар бірін-бірі таптап, ақырында Өзбекстан ұлттық гвардиясының сарбаздары келіп, жағдайды реттеген.


Бейресми деректер бойынша, халық алыпсатарлардан билет алып, ол жалған боп шыққан көрінеді. Оқиғаның ақ-қарасын қазір құзырлы органдар тексеріп жатыр. Ал әншінің өзі әзірге бұған байланысты ештеңе айтпады.