"НАЗИМАНЫҢ арқасында ТИМАТИДЫҢ екінші тынысы ашылды"

0
1 808

Қанша рет қыз баламен дуэт жасаған танымал рэпердің кезекті қазақ қызымен шырқаған әні көпшіліктің көңілінен шыққан сыңайлы.


фото: ашық дереккөзден

Танымал рэпер Тимати мен шымкенттік ару Назиманың жаңа шыққан бейнебаяны желіде қызу талқылануда. Романтикаға толы сюжеттің көрермендерді баурап алғандығы сонша, Назима арқылы әншінің екінші тынысы ашылғандай болды деп пікір білдіріп жатыр.

Көпшілікке таралғанына бір жұма болса да, сегіз миллионға жуық қаралым жинаған аталмыш бейнебаян "Нельзя" әніне түсірілген болатын. Әннің сөзін танымал рэпер өз жүрегінен шығарса, әуені Павел Мурашовқа тиесілі екен. Ал, шекара асқан қазақ қызының бұл дуэтті аша түскендігін көрермендер мойындап отыр.

"Назиманың дауысы өте керемет", " Назиманың арқасында Тиматидың екінші тынысы ашылды", "Әйтеуір, артын жалаңаштаған түспегені жақсы", "Назима Решетоваға қарағанда Тиматиға көбірек жарасатын сияқты", "қазақтың қызы мықты екенсің ", деп видеоның астына пікір қалдырысып жатыр.



Естеріңізде болса, Оңтүстіктің тумасы Назима Жәнібекова ресейлік шоуда танымал әншілердің көзіне түсіп, Тимати өзі жекелей дуэтке ұсыныс тастаған болатын. Өзге жерде өнерден жолы болған аруға жерлестері біраз уақыт болуын да қалап жатыр екен.

ERNUR.KZ