Нумеролог ақшалы өмірге бастайтын ҮШ ЖОЛДЫ «көрсетті»

0
4 898

Нумеролог Айнұр Асанберді инстаграм парақшасында оқырмандарына ҚҰНДЫ әрі ТЕГІН нақты кеңес берді.


Нумеролог ақшалы өмірге бастайтын ҮШ ЖОЛДЫ «көрсетті»

«TONUS CLUB» әйелдер клубының, «TONUS BEAUTY» әсемдік салонының директоры, тележүргізуші, сандарды қазақ тілінде сөйлеткен нумеролог Айнұр Асанберді инстаграм парақшасында оқырмандарына құнды кеңес берді.

Ол армандардың орындалуы ең бірінші адам бойындағы қуатқа байланысты екенін, ал қуат табысты өмірге «жетелейтінін» айтты. Сонымен, ол былай дейді:

asanberdi: "Армандар орындалады! Иә, армандардың орындалуы әр адамның тікелей өзіне, еңбегі мен ниетіне байланысты.

Бірақ кез-келген адам бойындағы ерік-жігерін жандандыра бермейді. Бір мезетте шаршау-шалдығу, өзіне көңілі толмау сияқты келеңсіздікке тап болып жатады. Яғни энергия жетіспейді. Мәселен, телефонның зарядкасы отырса оны тоққа қосасыз. Ал адамның бойындағы энергия төмендесе қайтпек керек? Қуатты, шуақты болу үшін не істейміз?..

Оның үш жолы бар: Руxани даму, интелектуалды даму және физикалық тұрғыда шынығу.

1) Руxани дамуға дінді жатқызамыз, яғни құлшылық жасау. Аллаға шүкіршілік айту, садақа беру, жақсылық жасау. Елге пайдаң тимесе де, зияныңды келтірмеу.

2) Екінші интелектуалды даму. Бұған діннің қатысы жоқ. Бұл даму барысында сіз түрлі елдің әдебиетімен, мәдениетімен, дәстүрімен танысуыңыз мүмкін. Керегін алып қажетсіз дүниесін ысырып тастауға құқығыңыз бар. Бұл кезде сіз Шантарам, Дипак Чопра, Лилиан Ту, Наталья Правдина т.б. діні, тілі бөлек адамдардың еңбегімен танысуыңыз мүмкін. Солардың жүріп өткен жолынан өзіңізге қажетті мағлұмат алып өмірде қолдануыңыз ғажап емес. Яғни мұндай даму шексіз білім, ілімге алып келеді. Пайғамбарымыздың өзі қытайға барсаң да БІЛІМ ал деген...

3) Адам тағдырында қандай қиындықтар мен келеңсіздіктер орын алса да – берілмеу керек! Өмір – Ғажап! Өмір сонысымен әдемі әрі тәтті. Оның дәмін сезіне білу де – өнер. Ал, мұндай жігерді біз спорттан аламыз. «Шынықсаң шымыр боласың» деп бекер айтылмаған. Спортпен айналысу сіздің миыңызға кислород тасымалдайды. Яғни, миыңызға жаңа серпін, леп береді. Сізге көңіл-күй сыйлайды. Ал позитивті көңіл-күй ол қуатты, шуақты, ақшалы өмірдің басты қағидасы.

Сондықтан түрлі теxникаларды тым әсірелемей ойнап жүріп жасай беріңіздер. Біз бәріміз БАҚЫТТЫ болуға лайықтымыз. Алла бізді сол үшін жаратты. Осыны ұмытпайық!

Өмір деген – Кино! Бірақ, оның қызықты болуы немесе болмауы тек ӨЗІҢЕ байланысты... Бастысы ешкімге зияныңды тигізбе... Өміріміз мағыналы да мазмұнды болғанға не жетсін!"

Ал, сіз осы үш қағиданы қаншалықты орындап жүрсіз? Нумерологтың айтқанымен келісесіз бе?

Фото: @asanberdi

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

«Тұрсынбек те қарап жүрмейді, ұйыған отбасыны бүлдіріп...» (видео)

Жанболат пен Жазираның Тайланда айтқан ИСПАН ТІЛІНДЕГІ әніне жұрт сүйсінді (видео)

ҚҰРАЛАЙ ханым: «Алты бала тауып... осы уақытқа дейін "төсекті" алдыңғы орынға қоймаппын»