“Нұрбек, әлде Бауыржан”: Репетиторды кінәлаған Тұрсынбек Қабатовқа жұрт сенбей қалды

0
2 562

Желі белсенділері Тұрсынбек Қабатов хабарласқан нөмірді “Каспий” және “Getcontact” қосымшаларына тергенде “Бауыржан” деп шыққанын айтады.


“Нұрбек, әлде Бауыржан”: Репетиторды кінәлаған Тұрсынбек Қабатовқа жұрт сенбей қалды

Тұрсынбек Қабатовтың мектепті “Алтын белгіге” бітірген қызы ҰБТ-ны өзі тапсырмаған.
Бұл туралы ақпарат желіде тез тарап, қызу талқыға түсті. Ал бүгін танымал әзілкештің өзі түсініктеме берген болатын.

Ол желіге жүктеген видеода қызының репетиторы Нұрбек есімді жігітпен сөйлесіп, мән-жайды түсіндірген. Оның айтуынша, қызының орнына басқа адам кіргенін ол білмеген. Бірақ көпшілік оның сөзіне күдіктеніп отыр. Желі белсенділері Тұрсынбек Қабатов хабарласқан нөмірді “Каспий” және “Getcontact” қосымшаларына тергенде “Бауыржан” деп шыққанын айтады.


Оқырмандар бұл ақпараттан кейін әзілкештің сөзіне күдіктеніп, түрлі пікірлер жазуда. Олар “Бұл сценарий өтпеді”, “Актер екенсің”, “Өтірікті де дұрыс ойнай алмайды” деген секілді сөздерді жарыса жазуда