Нұрболат Абдуллиннің ұшақ апаты туралы бейнебаяны жұртты жылатты (видео)

0
2 749

Бейнебаянда бір-бірінен айрылып қала жаздаған ерлі-зайыптылардың өмірі бейнеленген.


Нұрболат Абдуллиннің  ұшақ апаты туралы бейнебаяны жұртты жылатты (видео)

Коллаж: kaz.nur.kz

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин "Сүйемін" атты әніне бейнебаян шығарды. Бейнебаян Алматы маңында болған ұшақ апатына негізделген. Бейнебаянда режиссер бір-бірінен айрылып қала жаздаған ерлі-зайыптылардың өмірін бейнелейді.


Бейнебаян көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Тіпті бейнебаянды тамашалаған желі қолданушылары көздеріне еріксіз жас алғандарын да жасырмаған.

"Өте әсерлі екен, барымызды бағалайық", "Сізге той әндерінен гөрі, осындай лирикалық туындылар жарасады", "Жүректі езетін лирикалық, тамаша ән екен", "Мен жыладым, жүрекке тиді", "Нағыз жүректі тербейтін ән", "Өнеріңіз шарықтай берсін", "Аса актуалды тақырыпты көтеріпсіз, жарайсыз", "Үлкен тәрбиелік мәні бар туынды" деп жазды олар.

Нұрболат Абдуллиннің жаңа бейнебаянындағы басты рөлдерді танымал ерлі-зайыпты актерлар Рүстем мен Жанар Жанамановтар сомдаған.

ERNUR.KZ