Нұрбуллин бейнебаянын сынағандарға назын айтты

0
4 531

Әнші кеше ғана өзінің "Тағы да вальс" деген әніне түсірілген бейнебаянын тыңдармандарына ұсынған еді.


Нұрбуллин бейнебаянын сынағандарға назын айтты

Хит әндердің авторы Нұрболат Абдуллин өзінің соңғы бейнебаянын сынағандарға назын айтты.

Әнші кеше ғана өзінің "Тағы да вальс" деген әніне түсірілген бейнебаянын тыңдармандарына ұсынған еді. Оны көрген көпшілік әншінің мұрты мен клиптегі актрисаны сынға алған. Олар ютуб желісінде "Ара шағып алған ба қыздың ернін? Басқа қыз тапқанда күшті болушы еді...", "Актриса кастингтен таныспен өтіп кеткен-ау", "Мына жерде тек мұрт және кыздын үп үлкеееен еріні артық болып тұр" деген сияқты пікірлерді жаңбырша жаудырды.

Бұл пікірлер әншінің шамына тисе керек, ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына "Бұл "қияқтай мұрт" кімде болмады? Әкем де болған,әлі бар тіпті.Біз білетін Ақан сері Біржаныңда болған.Көкшенің әнін көк аспанда қалықтатқан Керім жігіт Сәкенде болған бұл мұрт,Жібек сүйген Төлеген де ше?қыз біткеннің бәрі көрген кезде ғашықтықтан бет-жүзі қызарып шіркін! Біздің Сері жігіттеріміз осындай болған ағайын. Соны біле тұра Түрікке қалай ұқсайсың дейсің, қалқатай? Заманыма қарай жүрсем мен де не кінә?Әртіс өзін сан түрлі образда сынап көрмесе несі өнерпаз? Бұл реніш емес ағайын,бұл менің ішкі әңгімем,ойым. P.s сосын актрисаны жерден алып салудың қажеті шамалы.Ол да біреудің баласы ғой" деп жазды.

Сізге "Тағы да вальс" әні ұнады ма? Бейнебаянның толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көруге болады.


Фото: nurbullin

ERNUR.KZ