Нұрлан Қоянбаев жақсы өмір сүрудің құпиясын тапқан дубайлық кәсіпкермен кездесті

0
1 673

«Адамның идеясы әлемді өзіне бағындыра алады»


Нұрлан Қоянбаев жақсы өмір сүрудің құпиясын тапқан дубайлық кәсіпкермен кездесті

Белгілі продюсер, тележүргізуші және актер Нұрлан Қоянбаев Дубайда болып, ондағы Шафарлар отбасының үлкен мұрагері, беделді Али Шафар мырзаның арнайы шақыруымен құмды қаладағы ерекше көгалдандырылған бау-бақшалы үйінде қонақта болғанын жазды.


«Жақсы өмір сүрудің құпиясын таба білген Дубайлық кәсіпкермен тәжірибе алмасу мақсатында кездесуде өте ерекше идеяларды талқыладық.

Бір тал шөп шығуы қиын құмды далаға үлкен бау-бақша өсіре білген Шафарлар отбасы кішкентай идеяны зәулім оазиске айналдырған.

Тағы да көзім жетті: адамның идеясы - әлемді өзіне бағындыра алады. Тасты жарып гүл шыға алады. Суы жоқ далада орман да жайқала алады. Кез келген идея - идеядан іске айнала алады!»
- дейді актер.


Продюсердің оқырмандарының пікірлерінің ішінен «Ой Нұрекең мен Али мырзаның әңгімесін көрген де арманда, көрмеген де арманда. Өте қызық болған тарихи кеш», «Шаншардагы Жүсiп ағамыз ба деп ойласам, шынымен де араб кici екен ғой» деген сияқты комментарийлерді оқуға болады.