"НҰРЖАНҒА арналған": Салтанат Бақаеваның жаңа бейнебаяны жұрты сүйсінтті (видео)

0
1 730

Жаңа туындыны YouTube желісіндегі ресми Той Думан каналынан тамашалуға болады.


Салтанат Бақаева сүйікті жары Нұржанға арналған жүрек жарды тілегі мен сезімін паш еткен "Қасымда бол" атты жаңа бейнебаянын жұртқа ұсынды. Сезімге толы бейнебаян көпшіліктің көңілінен шыққан.

"Менің жарым Нұржанға арнаған жүрекжарды тілегім. Жаңа туындымды YouTube желісіндегі ресми Той Думан каналынан көре аласыздар!", - деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Әншінің "Қасымда бол" деп аталатын жаңа туындысы жарияланғанына бірнеше сағат

болса да, 50 мыңғы жуық қаралым жинап үлгерген.

Бейнебаянды тамашалаған көрермендер әншіге жылы лебізін білдіріп, өз пікірлерін қалдырып жатыр.

"Өте керемет, сәтті шыққан ән де, клип те. Өзіңнің өмірлік жарыңмен бірге түскенің құптарлық екен. Тамаша жұпсыңдар, айналайын! ""Қандай әдемі ән! Бақытты болыңыздар", "Керемет", "Әлі қыз бен жігіт секілдісіздер", "Өте жарасымды жұп", "Алла тіл-көзден сақтасын", "Әннің әуені жақсы болғанымен, сөзі мүлде түсініксіз екен", "Салтанаттың дауысы жақсы еді. Мына әнде қатты өзгеріп кетіпті", - деп жазуда желі қолданушылары. Арасында сын айтқандар да болды.

Аталған бейнебаянның түсірілімінен алынған кадрларды осыдан бірнеше ай бұрын әншінің күйеуі Нұржан Жүсіпов желіге жариялаған еді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет