OCHOOOU: "Беліңнен қысып, ерніме тақағанымда өзімді нағыз жұлдыз сезіндім..."

0
9 382

Кәмшат Жолдыбаева пен Олжас Абайды не байланыстырады?


OCHOOOU:

"Иә, шынымен оларды не байланыстыруы мүмкін?". Бүгін желідегі оқырмандар осы сұраққа жауап іздеп, біраз сарсаңға түсті. Оған себеп үнемі шоудың ортасында жүретін - OCHOOOU.

Әншілігімен әрі актерлігімен көпшіліктің жүрегін жаулаған жігіттің есімі осы кезге дейін де Жолдыбаевамен қатар естіліп қалып жүретін.

Бүгін ол өзінің парақшасына "Алғаш ұстап көргенімде сасқалақтап, ауызым кеуіп, жүрегім тарсылдап не айтарымды білмей қатты қобалжығаным есімде... Беліңнен қысып, ерніме тақағанымда өзімді нағыз жұлдыз сезіндім! Мен сені сүйем - микрофон!" деп жазып, Кәмшат Жолдыбаева екеуінің суретін жүктеді.

Мұны оқыған желі оқырмандары түрлі жорамалдар айтып, ойларының сан-cаққа кеткенін байқатты. Бірақ Олжас Абайдың әйелі мен баласы бар екенін естеріне түсіріп, оларды "өнер ғана байланыстырады" деп топшылады.


Фото: ochooou_official

ERNUR.KZ