"Ойбууууу" деп жылап қалғанмын" - Қарақат туған күнін Египетте өткізген ұлы туралы айтты

0
3 188

Әнші жұп отбасымен шетелде демалып жүр.


Қазір демалыс маусымы болғандықтан, көпшілік жұлдыздардың шетелдегі жағажайлардан көруге көз үйренген. Солардың бірі жұлдызды жұп - Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы.

Әнші жұптың отбасы бүгін Египетте демалып, сондай-ақ ұлдарының бірінің туған күнін де сонда тойлағандығын жазды.

"Египеттен Елімізге ыстық сәлем! Инстаграмға фото салмағалы да біраз күн болған екен! Тегіс амансыздар ма? Отбасымызбен демалу деген біз үшін бір бақыт! Жайшылықта жұмыс деп, басқа деп балапандарымызға уақыт таппай жатамыз. Сондықтан демалысқа шыққан кезде бар ықыласымызды басқаға емес, балаларымызға арнаймыз. Осылар үшін теңізге келеміз. Биыл Қызыл теңізді көру бұйырды, оған өте қуаныштымыз! Теңіз суының кереметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол енді бөлек әңгіме...
Ал,бүгінгі әңгіме - Айсұлтанымыз туралы болмақ. Осыдан тура 6 жыл бұрын Айсұлтан деген ерекше баланың анасы атандым. Иә, жасырмаймын төртіншімді қыз болса ғой деп тіледім. Дәрігерлер басында қызға ұқсайды деп алып,соңғы айларда ғана ұл болатынын xабарлағанда,- "ойбууууу" деп жылап қалғаным да рас, бұл сезімді қайта-қайта ұл әкелген ана ғана түсінеді деп ойлаймын. Барлығы бір Алланың қалауымен болады ғой. Пенде болған соң анау-мынау деп жатамыз. Беруші Алла Артық кетсек кешіре көрсін. Сөйткен Анасының жүрегі,тілегі,бағы, таңы, Айпатшасы, әкесінің "Абат" баласы бүгін алты жасқа толып отыр. Құлыныма екі дүниенің жақсылығын тілеймін! Тілектеріңізге раxмет! Әдемі естеліктермен бөлісіп отыратын боламыз!"
- деп жазады отбасымен Египетте демалып жүрген әнші инстаграм парақшасында.

Ал оқырмандары әншінің ұлына бақыт тілеп, "Құтты жас болсын! Өмірі қызыққа толы болсын", " Жақсы демалып келіңіздер! Елімізге аман-есен оралыңыз", " Айсұлтан ұлыңыз үлкен азамат болсын! Дені сау болсын! Сіздерді қуанта берсін!", " Құтты болсын туған күні, балапан бақытты болсын!", "Еліміздің үлгілі отбасысыздар, сіздерге зор денсаулық, бақытты өмір тілеймін", "Ұл көп болган жақсы ғой, ертең бір-біріне қолғабыс жасап жұмылып іс тындырады" деген сынды жылы лебіздерін білдірген.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Елімізде орын алып жатқан оқыс оқиғаларды айтып Египетте демалысын өткізіп жүрген әншіні құптамаған пікірлер де табылды.

"Мақтана бермей Арысқа жанашырлық танытуыңыз керек еді. Балаларыңыз жігіт болыпты, соларға ой тастап халыққа деген жанашырлық қайда?", "Біздің елге, дәл қазір елімізде болып жатқан оқиғаға қатысты өлең айтатын әншілер керек, ләлектейтін әнші емес, той тойлайтын уақыт емес қазір" ,"Арыста ел қырылып апатқа ұшырап жатса сіздер қыдырып жүрсіздер халыққа демеу бергеннің орнына", "Арыстың кішкене ғана шошып калған балаларына көмек бермедіңіз бе, Қарақат-ау!" - деген жазбалар да бар.

Айта кету керек, Қазақстан жұлдыздары атынан Арыс қаласына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген болатын. Оның ішінде атсалысқан Қыдырәлі Болмановтың да аты аталған еді.