Оқулық мұқабасындағы Төреғалидың суретін халық сынап тастады

0
1 633

Кітап мұқабасына отандық жұлдыздардың шыққаны рас па?


Оқулық мұқабасындағы Төреғалидың суретін халық сынап тастады

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің 11 сынып оқушыларына арналған кітаптың мұқабасына шыққан суреті тарап кетті. Қазақ тілі пәнінің сыртында бейнеленген суретін әншінің өзі әлеуметтік парақшасына жариялаған.

Әнші "жұлдызды оқулықтың" суретінің астына "Құтты болсын ағайын!" деп жазба қалдырған.

Бірақ, бұл оқулықтың шын мәнінде жарыққа шыққаны немесе фильм реквизиті екені жайлы әзірге нақты мәлімет жоқ.

Әнші суретінің мектеп оқулығына шығуы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Оқырмандардың бірі үлкен қателікке балады.

"Қайран қазағым-ай! қазір қалталылар не істегісі келсе, соны істейді. Бүгін Төреш, ертең Қарақат, Қайрат тағы басқа әншілер кітаптың беті мен ішінде өріп жүрсе сонда қандай заман болғаны", - деп жазды оқырман.

Желі қолданушылары арасында өнер иесінің жаңалығын қолдайтындар да шықты.

"Неге дұрыс емес дейсіз. Қазіргі заманға сай шығарған.Төреш туа біткен талантты ақын, актер, сазгер, жыршы. Қазақтың маңдайға біткен жұлдызы.Кітаптың сыртына шығарса, Төрештің еңбегі еленіп, таланты бағаланы деп ойлаймын.Төреш жарайсың,тек алға", - деді қолдаған оқырман.

Ал, кейбір оқырман әншінің қолындағы домбыраны калянға теңеп, пікір қалдырған.