"Ол қалай Абайды ойнайды?": Ерлан Біләл соттан кейінгі өмірі қалай өзгергенін айтты

0
3 531

Актер алғаш рет сұхбат берді.


Ерлан Біләл 2015 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры болып қызмет ақтарған. Бірақ, 2018 жыдың басында істі болып, өнер иесі заң алдында жауап берді. Бұл жағдай оған ауыр батқанмен, сағы сынбады. Басына іс түскен актер дәл қазір қайда жүр? Бүгінде өнер майталманы жан-жарасынан айықты ма? Өнерпаздың өзіне ор қазған жанмен қарым-қатынасы қалай? Бұл сұрақтарға актер Youtube желісіндегі ShowNewsKZ бағдарламасында жауап берді.

"Жақсылықтан ешқашан күдер үзген адам емеспін. Адамдардың жақсылығына сенемін. Адамдардың ішіндегі мейірімге сенемін. Қатал адам дегеннің ішінде жұмсақтық жатады. Соны табуға тырысамын. Сонымен қарым-қатынас жасауға тырсамын. Бәріне кешіріммен қараймын. Анам айтатын: Білмегенді кешпесең, білгенің сенің қайда бар, деп", - дейді актер.

Сахна саңлағы басынан өткен сын сағатта Абай мен Шәмшіден медеу тапқан.

"Менің актерлік өміріме, шығармашылық өміріме ешкім шектеу қойған жоқ. Болған дүниенің бәрі басшылықта, директорлықта болған дүниелер. Кейбіреулер ол қалай Абайды ойнайды? деген пікірді айтады. Ол менің шығармашылығыма қатысты емес. Заң жүзінде маған ешқандай шектеу қойған жоқ. Сабақ беруге, театрдағы рөлдерімді орындауға ешқандай шектеу қойылмады", - дейді ол.

Ерлан Біләлдің басынан өткен бұл жағдай тек оның ғана емес, күллі қазақ өнерпаздарының балтырын сыздатқан еді. Өнер иесі сотқа дейн және соттан кейін деп бөлінген өмірінен не түйгенін жасырмады.