"Олар қандай шешімге келді?": Төреғали мен Кенжебектің құпия кездесуі көпшілікті қызықтырып қойды

0
2 399

"Шешу үшін жүрміз ғой"​, - дейді Төреғали Төреәлі.


"Шешілмейтін мәселе жоқ" деген Төреғалидың айтуынша, қазақтың барлық мәселесі шай үстінде шешіледі екен. Осыны дөп басқан әнші өз атымен шай шығара бастағанынан біршама уақыт болған.

Ал, "Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жақында шоколад бизнесін қолға алған. Екі әншінің өз кәсіптерінің жарнамасы үшін түсірген видеолары желіде хитке айналды. Мұны алғашқы болып, Төреғали Төреәлі өзінің парақшасында бөліскен еді.


"Кенжекең мен Төрағали не үшін кездесті?

Ал,олар қандай шешімге келді?

Қазақтың ең үлкен мәселесі шәй үстінде шешіледі. Шешілмейтін мәселе жоқ. Элит шоколадтары мен Төреш шәйінен дәм татып ақ мәселені үйде отырып шеше беріңіздер!

Ал,сіз Элит шоколадтарымен Төреш шәйін ішуге дайынсыз ба?
Ал, біз сіздің мәселеңізді шешуге қашанда дайынбыз!

Шешу үшін жүрміз ғой" деген Төреәлінің бұл жазбасын өнердегі әріптестері мен жанкүйерлері қолдап жатыр.

Олар видеоның идеясын мақтап, тамсанған. Оған олардың "Идея мыкты екен", "Берекелі кәсіп болсын. Қазағымның әр жанұясы, табыс әкелетін, жақсы іспен айналыссын" деген пікірлері дәлел.