"ӨЛЕ-ӨЛГЕНШЕ СЫЙЛАП ӨТЕМ": Мейрамбек "МузАрт" тобының қашан тарайтынын айтты

1
5 381

"МузАрт" тобының өз биігінен төмендемеуінің құпиясы неде?


фото: ашық дереккөзден

Қазақтың қоңыр дауысты әншісі Мейрамбек Беспаев белгілі "МузАрт" тобының бірлігі халықтың арқасы деп біледі. Өз ісінің шеберлерімен жұмыс жасау да топтың беріктігін нығайтады дейді ол "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында.

Көпшілікке танымал "МузАрт" тобы халықтың махаббатының арқасында бір жолда жүр. Әншінің айтуынша елдің ықыласы өшкен күні, МузАрттықтар да өз жөндерімен кетеді. Қаншама істің басын шалып көрген Мейрамбек Беспаев топтың ажырамай бір жүруінің құпиясын жайып салды.

"Құпиясын айтайын. Менің қасымда профессионал әнші, музыканттар жүр. Әне, олар дүние емес, өнер қуып жүрген адамдар. Содан кейін Құдай жолын аша береді деп ойлаймын. Өз ісінен бақыт тапқан адамдарды, ләззат алған адамдардың жолын аша береді. Мен байығым келіп талай нәрселер жасадым, бірақ қолдан келмеді. Ол болмайды екен. Несібем осыдан болған соң осы жігіттердің тілін тап, осылармен тату бол....Бұл жігіттерді мен өле-өлгенше сыйлап өтем. Татулығымыз, репертуарымыз, талғамда... Бізді жібермей тұрған халықтың махаббаты. Халықтың махаббаты өшкен күні біз тараймыз. Махаббат бар кезде біздің ән айтпауға хақымыз жоқ",- деді "МузАрт" тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев.

ERNUR.KZ