​«Олжас екеумізде бір тілек...»: Мадина Садуақасова 44 жасқа толды

0
1 026

«Қазақтың Барбиі десе жарасады»


​«Олжас екеумізде бір тілек...»: Мадина Садуақасова 44 жасқа толды


Әнші Мадина Садуақасова бүгін 44 жасқа толды. Өнер иесі «Инстаграм» парақшасында ұлы мен күйеуінің өзін құттықтаған сәтін көрсетті.


«Сіздердің Мадикоштарыңыз бүгін 18-ге толды. Туған күннің құрметіне оқырмандарыма 5 рет шашу» деп жазды ол. Сосын тағы бір постына «Олжас екеумізде бір тілек. Бұл образ «Барби» емес... Бұл Мадина Садуақасованың арманы... Туған күніме құттықтаулар жаудырып жатқан жандарға алғысым шексіз. Сол тілектің барлығы өздеріңізге екі есе боп қайтсын. Әрқайсыңыз мен үшін қымбатсыз» деген жазба жариялады.


Мадинаның тыңдармандары туған күніне тілектерін арнады. «Барбиде мейірім жоқ, ойыншық, кукла ғой. Барбиге сіздей болу қайда, әрдайым 18-де боп жүре беріңіз», «Қазақтың Барбиі десе жарасады», «Алла Олжас екеуіңнің тілектеріңді қабыл етсін», «Өзіңізге ұқсаған әдемі қыз келсін отбасыңызға, бақытты болыңыз», «Жаңа жасыңыз тек жақсылық әкелсін» деп жазды оқырмандары.