"Онлайн би": Қайрат Нұртас отбасымен би билеп, жаңа челлендж бастады (видео)

0
3 486

Әншінің бастамасы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.


Танымал әнші Қайрат Нұртас "отбасылық би" челленджін бастады. Әнші үйде отбасымен уақытты бос өткізбей, бимен көңіл көтеруге шықырды. Ол балалары және жарымен бірге ламбада билеген сәтін видеоға түсіріп, оны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген. Өнер иесі бұл челленджін барша оқырмандарына жолдады.

"Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді.

Сондықтан достар, бізбен бірге билеңіздер.

Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын", - деп жазды әнші.


Әншінің көпшілікті үйде болуға шақырып, отбасымен билегені көпшіліктің көңілінен шыққан секілді, жақсы пікірлер көп жазылған.

"Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында", "Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың", "Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама", - деп пікір қалдыруда желідегілер.


Оқи отырыңыз: «Қолдан жасалып жатқан дүние ғой»: Нұрлан Еспанов «коронавирус жоқ» деп айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)