"Операция екені көрініп тұр": Жайдарманшының өзгергеніне желі оқырмандары сенбей қалды

0
5 542

"Мереке, шындықты айта беріңіз"


Экс-жайдарманшы Мерекені қалың көпшілік жақсы таниды. Бірнеше жыл бқрын өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққан әзілкеш қазір дұрыс тамақтану бойынша кеңестер береді. Оның өзі де осы аралықта айтарлықтай өзгерген. бұл туралы желіде жиі жазып та жүр. Осы жолы ол өзінің көзінің қабағы туралы айтып, оқырмандарына күдік ұялатқан.

"Жәй ғана арықтап осылай өзгеруге болады. Қабағымды қарасаңызшы, операция емес" деп өзінің екі суретін салыстыру үшін жариялаған.


Бірақ желі оқырмандары оның суретінің шынайы екеніне күдіктеніп түрлі пікірлер жазған. Мысалы, "Операция екені көрініп тұр ғой. Семіз болған кезіңде сызықтың ізі де жоқ, сосын пайда болмайды ғой?! Ещё "родинка" жасанды, ерін сәл үлкейген" десе, енді бірі "Мереке, шындықты айта беріңіз қабақ ерін бәрі жасанды" дейді.