«Орысша сұхбатыңыз халықты тепкілегенмен тең болды!»: Қоғам белсенділері Президенттің сұхбатына пікір білдірді

0
2 034

«Бірінші жұбатып алып, сосын ғана әлемге жеті тілде сұқбат берсеңіз де жарасар еді…»


«Орысша сұхбатыңыз халықты тепкілегенмен тең болды!»: Қоғам белсенділері Президенттің сұхбатына пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Хабар 24» арнасына сұхбат берді. Президенттің орыс тілінде берген сұхбатынан соң қазақ қоғамында «Неге қазақ тілінде бермеді?» деген сыңайдағы сауал қалып қойған сыңайлы. Өнер адамдары, шоу бизнес өкілдері, блогерлер аталған сұхбатты көріп, тыңдаған соң пікірін білдірді.

Белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы ғалым, қоғам қайраткері Омар Жәлелұлы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында журналистің «Егер Президентпен кездессеңіз, не айтар едіңіз?» деген сауалына былай деп жауап берді:

«Елдің қамын айтар едім. Бір-ақ нәрсе айтар едім. «Таңертеңнен кешке дейін тек қана қазақша сөйлеңізші» деп. Өйткені, сізге бүкіл қазақ қарап отыр. Тіл оянса, тіл тірілсе, тіл күшіне енсе, бәрі қалпына келеді. Мағжан атамыз: «Кешегі айбынды атамыздан жалғыз мұра боп сен ғана қалдың. Қазақ тілі, сен қалдың!» дейді. Біздің бар айбынымыз, ата-бабамыздан жеткен жалғыз мұра – тіл. Тіл оянбай, қазақ оянбайды. Сондықтан, тілді ояту керек. Қазақта «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» деген жақсы сөз бар. Қазақтың тілі оянғанда, еліміз әлемнің ең үздік технологиялық мемлекетіне айналады. Мен оған 100 емес, 1000 пайыз кепілдік беремін. Өйткені, адамның қиялын шарықтататын – тіл», - деді Омар Жәлелұлы.

Танымал блогер, заңгер Айгүл Орынбек Қ.Тоқаевқа арнап жазба жариялады.



Ал продюсер Ләйлә Сұлтанқызы Президентіміздің мақтангершілікке жоқ екенін астын сызып көрсетті.

«Мақтауға осыншалықты дана пікір айтқанына таңғалып отырмын:
«Мен үшін жағымсыз. Себебі мен мақтау одалары жоқ жерде тәрбиелендім. Мен былай айтар едім: менде мұндай мәлімдемелерге өмірлік, табиғи иммунитет бар. Бірақ біздің интеллигенцияны өзгерте алмайсың. Олар басқаша тәрбиеленді».
Мақтауға, көпшік қоюға, жағымпаздануға осылай жауап беру керек. Бала кезден-ақ мұндай пиғылдарды жойып отыру керек. «Тәрбие тал бесіктен» деген осы», - дейді Л.Сұлтанқызы.

«Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Айдар Тұрғанбек: «Кеше Президенттің сұхбатын көріп шықтым. Көп жаңалықтар айтылды ,көп өзгерістер болатыны айтылды. Болашақтан тек жақсылық күтетін пенде ретінде айтарым….. Құранда АЛЛА: «Әрбір қиыншылықпен бірге жеңілдік бар» деп уәде берген , сол жеңілдік келген сияқты. Тек жақсы сөз сөйлейік , тек жақсы ойда болайық, тек жақсы нәрсе тыңдайық, ағайын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын», - деген пікірімен бөлісті.