"Осы айда мен танитын 7 отбасы ажырасыпты": Айнұр Тұрсынбаева қазіргі кезең туралы ой толғады

0
3 917

"Осы 1 айдың ішінде төрт адам асылып қайтыс болды!", - дейді айтыскер.


Айтыскер ақын қазіргі заманның қорқынышы туралы жазып, елді ойландырып қойды. Оның айтуынша, адамдардың өлімі мен ажырасуына қазіргі ахуал емес, көп жағдайда қолдарындағы телефон кінәлі дейді. Бұл туралы ол өзінің желәдегі парақшасына жазды.

АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВА: "Қорқынышты... Қазір әлем күйзеліс толқынында тұр... Өрт, жер сілкінісі, су таскыны, авария... Өлім көп...Кеше ғана 5 адамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Мұның бәріне корона вирус кінәлі деп ойлайтын шығарсыз..Жок! Осы 1 айдың ішінде төрт адам асылып қайтыс болды! Осы тамыз басталғалы таныс, туыстарымның ішінен 7 отбасы ажырасыпты... Бәрін танимын, білемін.. Білмейтіндерім қаншама екен!
Адам баласы үшін ең қорқынышты нәрсе-жалғыздық! Жалғыздық дегеніміз жалғыз қалу емес! Жан дүниеңді түсінетін адам таппау! Сырласатын адамға мұқтаж болу..! Көп нәрсеге кінәлі телефон.. Телефоннан тек жамандык таратылатын болды! Бір-бірін қарғап сілеп жатқан жұрт.. Телефондағы жұрттың бәрі бақытты, жалғыз сен бақытсыз сияктысын.. Телефон жанымыздағы бала-шағамыздан алыстатты.. Күйеуінен тығылып инстада отыратын әйелдер. Әйелінен тығылып қыз аңдыған еркектер. Әке-шешеден тығылып төбелес көретін балалар.. Жалғызсырамағанда қайтеміз?! Қазір екінің бірі депрессияда.. Қаптаған психологтар соның дәлелі.. Яғни адамдар психикалық әлсіздікпен күресіп жатыр.. Есіңізде болсын, адам ешкашан жалғыз болмайды.. Не Алламен дос, не шайтанмен дос! Адамды депрессияға кіргізетін шайтан.. Ауырып калсан өлесің деп қорқытады! Ұрсысып қалсаң ажырасасын деп қорқытады. Қиындықты жеңе алмайсын деп коркытады..Жапанда жалғыз қалған адам қалай қорыкса Алладан алыстаған адам тура сондай қорқақ болады..Қорқақ адам өлгісі келіп тұрады.. Жаныңыз жабырқаса жайнамазға жабысыңыз.. Жайнамаздың үстіндегі Алламен сырласу мың психологиялык терапиядан артык! Адам қиналғанда "Мені осынша жылатып Алла қайда қарап отыр" дейді..
Құранда : "Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды"
("Тағабун" сүресі, 11-аят)
Шындығында Алла сынакты сүйген құлына береді! Не үшін! "Мен сені жараттым, олай болса маған жақында, мен сені мейіріміме бөлеймін, менен ғана сұра" деп береді...Шындығында Алласын тапкан адамнан аскан бакытты жан жок!
Алла Елшісі:
«Егер құлдың басына қасырет түсіп және ол өз-өзін сабырлыққа шақырып: «Расында біз Алладанбыз және Оған қайтамыз. Ия, Алла! Осы қасыретте маған нығмет бере гөр»,-деп айтар болса, Алла ол құлын сый-сыяпатына бөлейді»,-деді (Имам Мүслім жеткізді).
Алла жар болсын жақсылар!"



Айнұр Тұрсынбаеваның бұл жазбасын оқыған оқырмандар түрлі ойға беріліп, өз сезімдерін пікірге жазып жатыр. Бірі "Иә Алла бір өзі дар болсын, пенделердің санасына тауфик берсін, кұннен-күнге қорқынышты боп барады. Қанша жыл рухани жалғыздықта өмір сүрсем де өзге ой болмапты. Енді жалғыз емеспін. Сырласатын, мұңымды айтатын, жоғымды сұрайтын, жаныммен жақсы көретін Қолдаушымды таптым. Ол Құдіретті Алла. Енді мен жалғыз емеспін" десе, тағы бірі "Өте дұрыс айтасыз. Менде Алла бар шүкір. Және сіздің барлық сабақтарыңыз бар. Ақшалы болып кетпесемде. Мені тыңдайтын жолдасым бар. 11 жыл мені естімеп еді қәзір тек мені естейді осы марафондардың арқасы өйткені өзім өзгердім. Шүкір 7 балам бар жүрек тыныш бұдан асқан байлық жоқ мен әлі әлемге белгілі ең керемет Ана боламын!" дейді.