«Ота жасалды»: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты

0
738

"Өткен аптада ота жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір".


«Ота жасалды»: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ота жасатқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Бүгін тележүргізушінің өзі бұл ақпаратты растап, қолдау көрсеткен оқырмандарына алғыс білдірді. Ләйлә Сұлтанқызы бұл жайлы әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды:

"Өткен аптада ота жасалды. Қазір бәрі жақсы, шүкір. Ғұмырымның ең ауыр кезеңінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер. "Алла сүйген құлын жиі сынайды" дейді, бұл күндерді де өтерміз. Кешелі бері алаңдап, жазып жатқан баршаңызға мың алғыс. Жақындарым да қатты уайымдап кеткен соң, байланысқа шыққаным жөн деп шештім", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.


Айта кетейік, биылғы жылдың қараша айында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өтті. Ал ота жасалмас бұрын тележүргізуші күйеуін еске алып, денсаулығының сыр бергенін айтқан болатын.