"ӨТІРІК БӘРІ, КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ" - Анасының табанын сүйген Төреғали көпшілікті таң қалдырды

0
3 958

Танымал әнші Төреғали анасының табанын сүйіп, желіге салуына не себеп болды?


фото: ашық дереккөзден

Басынан дау арылмайтын әнші Төреғали бұл жолы ел қызыға қарайтын іс жасады. Өзін жарық дүниеге алып келген анасының аяғын суға салып, табанын сүйген Ұлы дала баласы көпшілікті таң қалдырды. Бұл туралы әнші инстаграмдағы өз парақшасына бейнежазба салып, ойымен бөлісті.

Осыдан біраз уақыт бұрын айтыс өнерінің "ақтаңгері" атанған Дидар Қамиев те дәл осылай анасына деген құрметін желіге салған. Ана деген ардақты есімді ұлықтап, қасиеттілігін дәріптеген айтыскер ақын Төреғали Төреәліге эстафета етіп жолдады.

«Ассалаумағалейкум қадірлі ағайын! Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айында, "Айтыстың Ақтаңгері" @didar_kamiev бауырым жолдаған
"Жұмақтың кілті" атты эстафетаны шын жүрекпен қабыл алдым!
"Алланың разылығы - ата ананың разылығында"
Ендеше екі дүниенің де берекесі өз қолымызда емес пе ағайын?!» - деп өзі қабылдап алған
эстафетаны қазақ эстрадасындағы замандас әріптестеріне жолдады.



Десек те, әншінің бұл әрекетін оқырманның бір бөлігі жат қылыққа балады. Бірі анасының табанын сүйгенін құптап, үлгі боларлық іс деп білді. Ал енді бір бөлігінің ойы, жасаған қайырымды әрекетін елге жарияламай-ақ қойса дегенге саяды.

«Машалла! Қандай керемет! Аналарымыз аман болсын, бауырым», «Үлгі. Анаң бар Бақыттысың! Ұзақ ғұмыр Сіздерге», «Ма ша Алла. АЛЛАМ ұзағынан берсін. АНАҢЫЗДЫҢ табанынан сүйіп жүруге. Керемет көрініс, Төреш», «Инстаграмға салмай да сыйлауға болады ғой. Түсінбеймін», «Менің балаларым аяғымды жуса да, ал, сүйгізгенге қарсы болушы едім. Ерсі сияқты. Ал сізге Алла разы болсын. Ораза қабыл болсын», «Мақтанғанның сауабы бар ма енді», «Бәрі өтірік, көзбояушылық», «Ақымақ, жұмақтың кілті ананың табанында дегенді осылай түсіндің ба, ай, ақымақ», - деп өз пікірлерін ашық білдірді.

ERNUR.KZ