Оқырман: "Уәлибек шындықты айтты, жарайсыз!". Уәлибек Әбдірайымов сахнадағы әнші қыздарды сынға алды

0
6 558

Әлеуметтік желіде ​"Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың сахналық монологы кең тарап кетті. Ол жерде актер қазіргі қазақ сахнасындағы қыздардың жайын тілге тиек еткен.


Оқырман:

Әлеуметтік желіде "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың сахналық монологы кең тарап кетті. Ол жерде актер қазіргі қазақ сахнасындағы қыздардың жайын тілге тиек еткен.

Бұл видео инстаграмда @teatrcity парақшасында жарияланды. Онда танымал әзілкеш: "Бізде бір қыздар бар... үшеу, төртеу болып қосылып ән айтатын болды ғой, қазір. Жаңағы дірілдейтіндерді киіп алады. Сөйтіп айтады: "Біз қазақ қыздары"! деп. Сол ма қазақ қызы? Басқа жақ көрсе, "Қазақ қызы шайтан ғой?" дейді"- деген ойларын айтады.

Аталмыш видеоның астына пікір жазған оқырманның көбі аға буын актердің пікірін қолдап отыр. "nursultan_ablaev Дурыс айтады!", "Bauyr16 @aktotiask қартайсада дұрысын айтты!", "zhaidar94 Баянның тəрбиесі ғой олда болса", "shadisaparovna келісемін дұрыс өте дұрыс айтқан өңшең жын тобыр қазақ қызына лайық мұсылман қызына лайық болу керек қой тағыда қазақтың қыздары қазақтың қыздары деп өлең айтады. Уалибек шындықты айтты жарайсыз!" деген сияқты ойларын ортаға тастауда.

Құрметті оқырман, сізде төмендегі видеоны көріп өз ойыңызды пікірге жазыңыз! Сіздің ойыңыз маңызды!



Видео: teatrcity

Фото: ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ