"Өзі кредит төлей алмай жүріп, ақша шақыратын амалдар үйретеді": Танымал әнші блогерлер туралы шындықты айтты

0
4 164

"Қазіргі феншуй , карма, нумералогия, тектану, 40-күн сабақ, ғажайып әмиян, афирмация деп қақсайтындар, күйбең тіршіліктен шаршағандарды алдап ақша тауып жүрген алаяқтар екенін діни сауатты адамның бәрі біліп отыр"- дейді Айгүл Елшібаева.


Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева біраздан бері инстаграмдағы псевдопсихологтар туралы мәселе көтеріп, желі мен телеарналарда жиі сөз сөйлеп жүр. Оның айтуынша, "Бақытты болуға, бай болуға" шақыратын тренинг-семинарлар тек ақша табудың көзі ғана.

Бұл туралы әнші кеше желідегі парақшасына тағы да мынадай жазба жариялаған. "Бізде псевдопсихологтар әркімнен оқығанын сапырғандарда, мұсылман мен кәпірдің арасын айыра алмайтындар көп. Бұл ислам дініндегі тәрбие мен біліміндегі таяздығының көрінісі. Сөйте тұра бұлар мұсылманды кәпірдің ілімімен сусындатып отыр. Пайғамбар дүние жинады ма? Кәпірге бұл дүниe жұмақ, бұл дүниенің қызығын арам жолмен болса да көріп қалуы керек. Мұсылман адам адал еңбегімен тауып, Алланың бұйырғанына шүкІрлік еткен адам.

Тақырыбы байлық, ақша деп жатқандарға таң қаламын. Бұл дүниеде жинағанын ана дүниеге көшіріп арқалап кететін баспалдақ жасап алғандай, өзі кредитын төлей алмай жүріп, мен байлық, ақша шақыратын амалдар үйретемін дейді. Аллаға емес пұтқа табынғандардан оқып, бөтен дінді үйреткені, құдайсыздыққа апаратынын біле ме екен, Ібілістің әскерлері?
Дүниедегі ұлы бүлік, Шайтан адамдарға өзінің жоқ екенін сендіруінде екен. Шайтан жоқ дейтін псевдопсихологтарға айтарым Құранда ата жауың тура жолдан тайдырушы Шайтан деп айтпап па еді?
Өзі адалдан мал жинамай отырып, елге ақыл айтқыш. Одан да қанша адамды арбап, қалай тонағаның туралы, қалай арам дүние тапқаны туралы айтып, тәубесіне келмей ме?
Дүниеден басқа рухани ілімі болмағасын, Аллаға серік қосу-ширк пен ширк еместің айырмасын білмей отырған ақымақтан, сабақ алып, табынып отырғандарға таң қаламын. Құранда жүрегі мөрлі, құлағы естімейтін, көзі байланған адамдар бар екені жазылған. Ақиқатты біліп тұрып, дүниенің буынан кете алмағанды тура жолға талап қылмағанды кім жөнге салар? Бірақ, бұл дүниеде сұрау жоқ, қияметте амал жоқ-, деп Нарынбай молда айтқандай, дүниенің буына мастанып, Ақша , байлық энергетикасы деп жүрген, өздері байлықтың буы мұрнына бармаған алаяқтар осы дүниеде амал қылып, тәубесіне келсе, қияметегі амалы жоқ сынақтан өтер еді. Бірақ жаны, болмысы дүниеге құл болған оны қайдан білсін? Айтқаннан жөнделмеген Ібілістің әскер басын Құдай жөндемесе, біз кімбіз?
Қазіргі феншуй , карма, нумералогия, тектану, 40-күн сабақ, ғажайып әмиян, афирмация деп қақсайтындар, күйбең тіршіліктен шаршағандарды алдап ақша тауып жүрген алаяқтар екенін діни сауатты адамның бәрі біліп отыр. Солардың ертектеріне. сенгендер әр уақытын босқа кетіруде деп айтуымыз парыз".


Оның бұл пікірін қолдаған Алтынай Жорабаева "Маа Шаа Алла! Бәрекелді! Алла разы болсын Айгүлім ! Дөп қой айтқаныңа ! Алла сауаптан жазсын!" деп пікір қалдырған. Бұдан басқа да оқырмандар А. Елшібаеваның ойын қолдап, "Міне шындық, тура жолдан адаспа деп шамшырақ болып жүрген Айгүл қыз ,аузы батыр арқалы қыз аман бол!" деген сынды пікірлерін қалдырыпты.