«Өзіміз де, баламыз да ойын орысша жеткізеді»: Ләйлә Сұлтанқызы аңдамай сөйлеп, сынға қалды

0
1 180

«Қазақша қате сөйлесек, бәрі күледі»


«Өзіміз де, баламыз да ойын орысша жеткізеді»: Ләйлә Сұлтанқызы аңдамай сөйлеп, сынға қалды

Белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы желіде ана тіліміз туралы жазба жариялаймын деп сынның астында қалды. Ол «Шынында, өзіміз де, баламыз да ойын орысша жеткізеді» деп шындығын жайып салған болатын.

«Соңғы кездері елімізге келіп жатқан қонақтарымыздың қазақша үйренуге талпынып жүргенін көріп, өзіміз неге үйренгіміз келмейтініне таң қаламын.
Жай мысал, ата-аналар чаты бәрінде бар.
Баламыз қазақ сыныбында оқиды деген аты ғана. Шынында, өзіміз де, баламыз да ойын орысша жеткізеді. Ешкімді сөккім келмейді, өз құрбыларым да сондай. Сырласа қалсақ, айтатындары шетелде оқыдық, араласатын орта болмады, мұнда дұрыс курс таппаймыз, қазақша қате сөйлесек, бәрі күледі, аудармасын ойлап тұрғанша, тез орысша айта салған ыңғайлы дейді. Жауап түсінікті.
Сосын ерінбей репетитор дегендердің біразына хабарластым. Біреуі алдағы 3 ай бос емес, біреуінің түнде ғана уақыты бар .
Ойлана келе мынадай идея келді.
Егер де , қазақша үйренудің жеңіл, тез жолын ойлап тапсақ керемет емес пе? “Близкие друзья” тобын ашып, практикалық қазақша үйренудің қызық бір жолын ұсынсам, үйренесіз бе? Қызық па? Дос болып, арқа-жарқа сөйлесіп, тілімізді жаттықтырсақ?
Әріп үйретуден бастамаймын қорықпаңыз»
, - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.



Ал желідегілер Ләйлә ханымның жазбасына өзіндік үнін қосты. Тіпті, кейбірі оның пікірін оғаш санап, сынап та жазды.


«Бір ғана жауап жалқаулық пен менмендік. Орысша өзі де баласы шүлдірлеп жүргеннің 90 пайызы мәдениет, өнер адамдары, бай, бағландар. Әйтпесе 30 жылда ендігі есек те бір тіл үйренетін болды», “Үлкен қалаларда шығар орысша сөйлейтін, біз шағын қалада тұрамыз, таза қазақша сөйлейміз. Біздің орыстарда қазақша сөйлейді», «Намыс жоқ бізде. Элитаның бәрі мәңгүрттер. Олардың балалары да мәңгүрттер. Қазақ тілін менсінбейді. Ресейді "ұлы держава" көреді, олай емес екенін ұқпайды. Орыс мектептерінде білім жоғары деп санайды, олай емес екенін түсінбейді, түсінгілері де келмейді» деп жазды олар.