«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?»: Жанар Айжанова қазіргі ата-енелерді сынға алды

0
2 044

«Енесі өзі жалаңбас, шашы химия, келініне орамал тағып қояды»


«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?»: Жанар Айжанова қазіргі ата-енелерді сынға алды

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова бүгінгі таңда ата мен келін мәдениетіне көңілі толмайтынын айтты. Ол қазіргі қайын аталарды сынға алып, олардың басты қателігін атады.

Өнер иесі отбасындағы қарым-қатынас жайлы пікірін "Қызық Live" бағдарламасында айтты. Ол бұрынғы кездердегі мен қазіргінің қайын аталарын өзара салыстырып өтті.

"Бұрын ағаларымыз, әкелеріміз, аталарымыз, балтыры ашылып, қарны ашылып не дастархан басында жалаңаштанып отырмаған. Әжесі не анасы "қарындасыңның көзінше балтырыңды неге ашып жүрсің" деп басынан салып қалатын. Аталарымыз келіндерінің көзінше үнемі жеңі ұзын жейде киетін. Сондай мәдениет болды. Қазақта мәдениет, мектеп деген болды. Қазір қайын аталар қарнын ашып, дастархан басында отырады. Шортымен жүреді. Атасы қайсы, келіні қайсы, енесі қайсы белгісіз. Енесі өзі жалаңбас, шашы химия, келініне орамал тағып қояды. Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” , - деді Айжанова.