"Өзіне сенімсіз бе?": Бұрынғы суретін жүктеген Нұрболат Абдуллин кейіннен оны өшіріп тастаған

0
2 907

Дегенмен оның оқушы кездегі суреті желідегі танымал топтарда тарап кетті.


Өзінің өнерімен ғана емес, өңімен де қалың көпшілікті тәнті етіп жүретін Нұрболат Абдуллин өзінің оқушы кезіндегі суретін жариялаған болатын.

Тек жариялап қоймай, "Сол кезде қарамаған қыздарды айтам да)) ай ақымақсыңдар" деген мысқыл әңгімесін де қосқан еді. Бұл жазбаны көрген желі оқырмандары түрлі пікірлерді жаңбырша жаудырды. Олар "Қандай сүйкімдісіз", "Сізге сол кезде қарамай қойған арулар бүгін жүз пайыз өкінуде", "Адам қалай өзгеріп шыға келеді" деген сияқты ойларын жазған.

Бірақ неге екені белгісіз әнші ол жазбаны өшіріп тастаған. Десе де ол сурет басқа парақшалар мен сайттарда тарап жатыр.



Басқа парақшадағы жазбаларға желі қолданушылары "Өзіңе көп алмашы", "Пластикалық отаға жүгіндің бе?" деп, кейбірі өз парақшасынан өшіргені үшін "Түрің үшін ұялдың ба?" дегендей ойларын жазып жатыр.