«Өлеңнің аты жаман екен»
Қалың көпшілікке Шімән апа образымен танылған актерді дәл қазір желідегі жұрт оңдырмай сынап жатыр. Өйткені өнер иесінің су жаңа әнінің құлаққа түрпідей тиетін атауы қарапайым халықты ызаландырған.
"Әзіл әлемі" театрының белді мүшесі Ерболат Төлегенов кезекті бейнебаянын "Пайдараз болма" атты әнге түсірген.
Ғаламторға жүктелген тың туындының атауы бірден тыңдарманның ашуын тудырған. Оқырмандар сыни пікірлерін жазып жатыр.
"Өлеңнің аты жаман екен. Ұят болды", "Әнді қоя берейік те, атауын қалай қойған. Аға-ау, беделі бар атыңызға жараспайды", "Пайдараз болма, п*дараз бол", "Атың шықпаса жер өрте", "Сөз жоқ енді бұларға. Айтқан сөз құлақтарына қонбайды-ау", "Хит болады деп ойлады ғой, қасқа", "Есерсоқ соқыр болған заман-ай. Осындайлардың жолдарын неге жаппайды?", "Ат құрып қалды ма, Шімән апа?", "Ән айтпай-ақ кемпір болып жүре берші", - деп жазды желі қолданушылары.