Полиция қызметкері актер боп кетті: Аша Матайдың ағасын шоу-бизнеске тартқан Баян ба?

0
3 756

"Тәуекелден де әдемі" дейді актерге тамсанған желі қолданушысы.


Полиция қызметкері актер боп кетті: Аша Матайдың ағасын шоу-бизнеске тартқан Баян ба?

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің тізімі жаңа есіммен толықты. Ол - Аша Матайдың туған ағасы, Баян Мақсатқызының жиен інісі Айдар Асқарбек. Осы уақытқа дейін полиция қызметкері болып жұмыс істеген Айдар енді өнер саласында бағын сынап көрмек. Оның алғашқы қадамы отандық телихикаяға түсумен басталды. Сонымен қатар, "Кешью" тобының бейнебаянына түсіп, көрерменнің көзайымына айналды.

Айдар кәсіби актер емес, бірақ, тәжірибесін шыңдау жолында бірнеше курстардан өтіпті. Телехикаяда рөл сомдау туралы ұсыныс Баян Мақсатқызының командасынан түскен. Актер "Баян Мақсатқызы туысы болып келгеннен кейін сериалға тартқан" деген сөзді жоққа шығарды.

"Туыстық жағымыз көмектесті десем болмайды. Кастинг өте әділетті түрде өтті", - дейді Айдар Асқаров.

Желі қолданушылары актердің талантына тәнті екендіктерін жеткізген.

"Бандит болғанда да простой бандит емес, өте ақылды, данышпан, көрегенді, адамгершілігі бар бандиттың рөлін ойнағандықтан, баршаның жүрегін жаулады деп ойлаймын.Ойынына тəнтіміз", "Сакура сені басқа да фильмдерден көргіміз келеді", "Керемет, Тәуекелден де әдемі" деп жазды оқырмандар.