Рамазан айы мен жалаңаштану: Бүркіттің қарындасы сынның астында қалды

0
2 813

Желі қолданушылары Бүркіттің қарындасына қасиетті Рамазан айын жартылай жалаңаш образбен байланыстырғаны үшін ашуланған.


Рамазан айы мен жалаңаштану:  Бүркіттің қарындасы сынның астында қалды

Фотоколлаж: ERNUR.KZ.

Әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар бұған дейін де әлеуметтік желіде ашық образдарымен танылып, халықтың сынына ұшырап жүрген болатын. Бұл жолы Әсел Асқар ғаламтор кеңістігін іш киіммен түскен видеосын жариялап елдің ашуын тудырған. Желідегілер Instagram жұлдызының жартылай жалаңаш бейнежазбасында ораза тақырыбын көтергеніне шүйліккен.

Оқырмандардың ашуын туғызып, сынға қалған видеода Әсел Асқар Рамазан айы кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы келіншектердің образын көрсетуге тырысқан. Бірақ, ораза кезіндегі әйелдің кейпін сомдау үшін ол тек іш киіммен ғана шыққан.

Желі қолданушылары Бүркіттің қарындасына қасиетті Рамазан айын жартылай жалаңаш образбен байланыстырғаны үшін ашуланған.


"Қасиетті айды қорлап не көрінді?" , "Оразаны да қалжың кылатын уакытқа жеткен бе?" , "Қасиетті Рамазан айының Оразасын да күлкіге айналдырдық-ау. Осының бәрі шет елге еліктеушілік!", "Ұят қайда? Ата-енесінен ұялмай ма?" , "Сұмдық, баласы мен жолдасы бар келіншектің ісі осы болғаны ма? Тұрмыстағы аруларға мұндай қылық жат болуы тиіс" , - деп жазады желі қолданушылары.

ERNUR.KZ.