«Рамильдің орны – қоқыста»: Өнер өкілдері қазақ тілін менсінбеген кәсіпкердің әрекетіне пікір білдірді

0
1 645

«Ол әдейі істеп отыр»


«Рамильдің орны – қоқыста»: Өнер өкілдері қазақ тілін менсінбеген кәсіпкердің әрекетіне пікір білдірді

«Қазақ тілін – мәдениетсіздіктің тілі» деп басы дауға қалған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов көпшіліктен кешірім сұрап, видео жариялады. Бірқатар өнер өкілдері осы оқиғаға байланысты пікірін білдірді. Белгілі блогер Дәулет Мұқаев #Chocofamily компаниясының қызметтерін пайдаланбауға шақырып, приложениесін өшіріп, қазақ тілін менсінбегеннің қандай болатынын көрсін деп үндеу тастап еді. Танымал блогерді қазақ қоғамы қолдай кетті.


#Chocofamily басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан сөзінен кейін белгілі эстрада әншісі Мейрамбек Беспаев бұл мәселеге тереңінен үңілді. Әнші қазақ тілінің қорлануына себепті идеологиядан іздеді.



Ал танымал әнші Алтынай Жорабаева Рамильдің мұны әдейі істегенін алға тартады.

«Қаншама желілік бизнеспен миллиардер болып отырған адам, соған басы жетпеуі мүмкін емес!
“Кешірім сұрай саламын да , танымал болып , бизнесімді дөңгелете беремін” деп отырған сияқты. Себебі, Қазақстанда басқа ұлтқа өте қатты шара қолданбайтынын бұл да біліп отыр ғой»,
- дейді өнер иесі.




Белгілі заңгер Айгүл Орынбек: «Мухоряпов кешірім сұрады екен», деп жылы жауып қоя салуға болмайды! Айтылған сөз, атылған оқпен тең! Елдің алдында жүрген үлкен ақшалы кәсіпкерлер ойланып сөйлесін! Тілімді қорлағаны үшін, қылмыстық ісі сотқа өтсін! Тілімді қорлаған Мухоряпов бір жыл көше сыпырып, қоқыс тазаласын! Оны түрмеге отырғызу мақсат емес! Тілімді қорлағысы келетін басқаларға үлкен сабақ болсын! Қазақ Ұлтын, Тілін қорлайтын надандардың орны қоқыста!» - деп жазды.