Раушан гүлі қосылған десерт: шоу бизнес өкілдерінің таңдайын қақтырды

0
1 022

Қазақ асханасына да шоу келді.


Раушан гүлі қосылған десерт: шоу бизнес өкілдерінің таңдайын қақтырды

Бұл туралы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағын жағу салтанатына жиналған бірқатар блогер, жұлдыздар инстаграмдағы стористарында бөлісті. Оның ішінде қаржылық сарапшы, блогер Дәулет Төлеутайұлы да бар.

«Ұлттық тағамдарымыз жаңғыруда. Қазақ асханасына да шоу келді. Естеріңізде ме, түрік ағайындар Түркияда қалай шоу жасайтындарын айтатынмын. Нәзікжандыларға арналған раушан гүлімен десерттің таныстырылымы болып жатыр. Бүгін Түркістанда @sandyq_restaurant ашылды. Мәзірдің бәрі нағыз рухани жаңғыру. Бұл жерден қуырылған бидайды да жеуге болады. Мына жерде саумалдан жасалған дессерт берілуде», - деп жазды ол. Бұл видеодан аталған десерттің ерекшелігіне ынтыққан елдің аспаздардың алдын бермей, телефонға түсіріп жатқанын байқауға болады.

https://www.instagram.com/p/CUNefztlgsi/?utm_sourc...

«Түркістанға жарты Алматы мен Нұр-Сұлтан көшіп келгендей». Рухани астанамыздағы кесене шырағын жағу салтанатына жиналған шоу бизнес өкілдері, блогерлер осылай деуде. Олардың сторизі Түркістан сапарындағы жаңалықтар мен қызықтарға толды. Мәселен, тележүргізуші Динара Сатжан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге қайықта отырған видеосын жүктеп, көпшіліктің назарын аударды.