Роза Әлқожа көмір тасып, пеш жаққан кезін еске алды

0
2 086

"Тіпті, лашықта тұрсақ та, бақытты болар едім".


Роза Әлқожа көмір тасып, пеш жаққан кезін еске алды

Нәзік үнімен, қоңыр даусымен халықтың жүрегінен орын алған әнші, сазгер Роза Әлқожаның шығармашылығына 20 жыл. Әнші өнер жолындағы мерейлі датасына орай «Астана» телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдарламасына шықты. Мәртебелі көрермен Розаның өнердегі һәм өмірдегі құпиялары, сахна сыртындағы әңгімелерін, әуезді әндерін тыңдап марқайып қалды.

Сол сыр-сұхбатта әнші: «Кемпір-шалдың қызы болдым. Бұл өмірде ең көп сағынатын адамдарым – атам мен апам. Ал туған әке-шешемді мойындай бермейтінмін. Мысалы, жақында анама бірінші рет «Анашым, туған күніңізбен!» деп сөйледім. Ол да күтпеді. Бұл өмірде бір-бірімізді жақсы көретінімізді білдіріп жүру керек деп ойлаймын», - деді журналистің сауалына.

Сондай-ақ, 20 жылдан бері өнерді де, отбасын да қатар алып келе жатқан ән мен жырдың ұясына айналған үлкен жүректің иесі өткен жылдарға да саяхаттап қайтты:

«Жатақханада, пәтерден-пәтерге көшіп, көмір тасып, пеш жағып, ешқандай жағдайсыз жүргенде де жолдасыма қолдау көрсеттім. Тіпті, лашықта тұрсақ та, бақытты болар едім. Бүгінде ұлымыз да, қызымыз да бар. Ешқашан дүниені жүрегіме кіргізбеппін. Қазір сол Розаны аяймын. Бүгінгі күні соның бірін де істей алмас едім-ау. Сымбатымен алыспаған, түскен жеріме жақсам екен деген қарапайым қазақтың көп келіншегінің бірімін. Халқым сол өнерімді де, отбасымды да тең алып жүргенім үшін жақсы көретін шығар», - деді.