Роза Әлқожа: Баяғыда бір продюсер "сен əнші болсаң мұрнымды кесіп берейін" деген

0
3 971

5 мамыр күні Республика сарайында өтетін жеке шығармашылық кешіне дайындықта жүрген Роза Әлқожа енді танылып келе жатқан кезде "Байдың қызы емессің, байдың қатыны емессің. Сен əнші болсаң мұрнымды кесіп берейін" деп айтқан продюсердің сөзін есіне алды. Сол сөзден кейін, танымал әндерінің бірі "Ән салшы, Розаны" жылап отырып жазған екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.


Роза Әлқожа: Баяғыда бір продюсер

5 мамыр күні Республика сарайында өтетін жеке шығармашылық кешіне дайындықта жүрген Роза Әлқожа енді танылып келе жатқан кезде "Байдың қызы емессің, байдың қатыны емессің. Сен əнші болсаң мұрнымды кесіп берейін" деп айтқан продюсердің сөзін есіне алды. Сол сөзден кейін, танымал әндерінің бірі "Ән салшы, Розаны" жылап отырып жазған екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Роза Әлқожа: "Əр концерт берерде қатты уайымдаймыз. Қаншама түн ұйқысыз өтуі мүмкін. Себебі бір айдың ішінде шешім қабылдап жатамыз ылғи. Аллаға тəуекел етеміз. Жалпы, құдайдан басқа сыйынарымыз да, сүйенеріміз де жоқ. Баяғыда бір продюссер жаңадан шығып келе жатқанымда:"Байдың қызы емессің, байдың қатыны емессің. Сен əнші болсаң мұрнымды кесіп берейін" деген. Сонда жылап отырып "Əн салшы, Розаны" жазып ем. Жалпы менің армандарым жайлап, өте асықпай орындалып келеді, тəуба! Ешкімді кіналамаймын. Адамның бəрін жақсы көрем. Бəлкім мен өз мүмкіндігімді бұрын көрсете алмаған шығармын?! Шынымды айтсам - өзіме деген сенім болмады. Өзімді төмен бағаладым. Не жақсылықты да маған лайықты емес деп қарадым... Аяғым қисық деп ойладым. Дауысым көп қазақта бар дауыс деп ойладым. Əдемі емеспін, көзім кішкентай, неге аппақпын, неге сарымын дегендей өз бітімім өзіме ұнамады. Айдынның махаббаты, жақсы көруі, "сен əніңмен əдемісің" деп əніммен жақсы көргені əсер етті. Одан кейін мен оған "лашықта тұрсақ та сенімен бірге боламын"дедім. Содан бері он жеті жылдан асты. Қатарынан бесік тербетіп үйде отырғанда ешқашан танылмайтын шығармын дейтінмін. Бірақ сахнаға деген бір сағыныш бар еді. Түсімде ылғи шапалақтаған адамдарды көріп, армандап оянатынмын. Жағдайымыз қиын болған шығар, күйіміз болмаған шығар, соның бəрі де өткен күндерге айналды. Бүгін көп адам "тірісің бе? Сені қайтыс болды деп жылап алдық" деп хабарласты. Кешке дейін жаман болып жүрдім. Кешке Индираны жолықтырып (Расылхан) , өз ойын айтып, көңілімді көтеріп тастады. Алла разы болсын оған!
Мен бармын! Тірімін! Кешіме дайындалып жүрмін! Мен ұзақ жасаймын! Əндерім өзімнен де ұзақ жасайды, адамдар! Алаң көңілдерге рахмет! Баршаңызды жақсы көремін!!!
"



Фото: roza_alkozha01

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет