Сақалды серілер

0
4 955

Осыдан бес жыл бұрынғы статистика көрсеткендей, әйелдер сақалды еркектерді табысты болады деп ойлайды екен. ​Оның үстіне көпшілігі сондай жігіттерге таңдау жасайды-мыс. Ал ел назарында жүргендер ше? Олар да табыстыларға жата ма? Ендеше, сақалды жұлдыздардың тізімін түзіп көрейік.


Сақалды серілер

Осыдан бес жыл бұрынғы статистика көрсеткендей, әйелдер сақалды еркектерді табысты болады деп ойлайды екен. Оның үстіне көпшілігі сондай жігіттерге таңдау жасайды-мыс. Ал ел назырнда жүргендер ше? Олар да табыстыларға жата ма? Ендеше, сақалды жұлдыздардың тізімін түзіп көрейік.

Оның сақал өсіргеніне көп уақыт болған жоқ. Бірақ көрермен оның бұл образын аса жақтыра қоймайды. Жұртшылық "Күлпаш" деп танитын Берік мырзаның сақалын сынаушыларға актер "Мен үлкен аға болдым ғой" деп жауап қайтарыпты.


Әні мен әзілі қатарын жүретін Жұбаныш мырзаның да сақалды жүзі үнемі болмаса да анда-санда көрерменмен қауышып тұрады.

Жұрт оны "діншіл" деп көп сынайды. Бірақ оның бойына жинаған жеті өнеріне күмән келтіре алмайды. Айтыстағы оза шауып жүрген Дидар Қамиев те соңғы бірнеше жылда образын сақалмен толықтырып жүр.

Қазақстандағы ең сымбатты актер Берік Айтжанов, сақалмен де ол санаттан түспейді. Керісінше оның бұл образын ұнататын жандар көп.

Ерекше дауыстарымен халықтың жүрегін жаулап алған "Заман" тобының әншісі Ерген де сақалды жұлдыздардың қатарында.

Бір кездері өнерден алыстап, қайта оралған Бейбітті сынайтындар көп. Репертуарына иманға шақыратын әндермен қатар, биге арналған көңілді әуендерді де сыйдырған - Бейбіт Күшқалиев.


"Рөлдің үлкен-кішісі болмайды!" деп есептейтін актер әр образымен халықтың жүрегіне жақындай түседі. Актер, тележурналист, мерекелік кештердің жүргізушісі Әділ Ахметов кейінгі уақытта сақалды суреттерін желіге жүктеп жүр.

Әнші сақалды суреттерін жариялаған кезде оған ғашық тыңдармандар махаббаттарын жасыра алмаған еді. Халыққа кез келген әнімен де, стилімен де ұнайтын Беспаевтың бұл суреті бір кездері желіні жарған.