Сәкен Майғазиев: "Мейрамбек қан қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты"

0
12 491

Әнші короновирус жұқтырған.


Сәкен Майғазиев:

Кешеден бері танымал әнші, эстрада королі Мейрамбек Беспаев жан сақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат тарап жатыр.

Бұл ақпараттық шынайылығын оның досы, әріптесі Сәкен Майғазиев растады. Ол өзінің инстаграм парақшасына "Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім", деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін" деп жазды.

Мұндай жаңалықты естіген әншінің жанкүйерлері есеңгіреп қалды. Олар сүйікті ұлдарына амандық тілеп, жақсы тілектерін жаудырып.

Біз де өз кезегімізде әншіге денсаулық және тезірек сауығып кетуін тілейміз.