Сахнаға жата қалып көрермен жігітпен ән айтқан Сәкен Майғазиевке көпшілік риза болды (видео)

0
1 899

"Жерге жатып тұрып арбадағы адамның алдында иілген басыңызды Алла биіктетсін!"


Сахнаға жата қалып көрермен жігітпен ән айтқан Сәкен Майғазиевке көпшілік риза болды (видео)

Сәкен Майғазиев Жезқазған қаласында өткен концертте өнер жұлдыздарымен бірге ән шырқағысы келген арбадағы көрермен жігітке ыңғайлы болу үшін сахнаға жата қалып микрофон ұсынған.

Өзінің желідегі парақшасына "Өнерді сүйген таудай жүрегіңнен, бауырым. Рахмееет, Жезқазған!" - деп жазба қалдырған өнер иесі, көрермен жігіттің талабына ризашылығын білдірген.


Ал оқырмандар әншінің бұл әрекетін қарапайымдылыққа балап алғыс, тілектерін жазған.

"Сәкен, айналайын, даусың қандай керемет! Журегің тіпті кең!", "Сакен балам Алланың шапағатына бөлен. Мүмкіншілігі шектелген жанға үлкен қуаныш сыйладың. Ертең осыны мақтанып айтып жүретін болады.Бір көтеріп тастадың. Өркенің өссін айналайын . Аналық алғысым саған.", "Өнер жұлдыздары сізден үлгі алса екен!", "Ұлық болсаң, кішік бол деген осы шығар!", "Көзімнен қалай жас шыққанын байқамай қалдым, Алла жар болсын! МузАРТ, тек қана алға!" - деп ыстық ықыластарын жаудырған.

ERNUR.KZ.