"Сендер болмағанда білмес едік": Өнер жұлдыздары "Ломбард 24" жарнамасына түскені үшін халықтан кешірім сұрады

0
1 784

Ағайынды Төлеповтер 13 миллион теңгеге шығындалғанын жасырған жоқ.


ERNUR.KZ. Қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар ағайынды Артур мен Асылхан Төлеповтер және эстраданың жарық жұлдызы Айқын Төлепберген "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген бұл компанияның жарнамасына түскенін айтып, өзі де алданып қалғанын жеткізді.
"Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол "көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың" деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім", - деді әнші.

Өнер иесі "Ломбард 24" компаниясының қаржы пирамидасы екенін білмегенін, бұл ісіне қатты өкінетінін айтып, барша тыңдармандарынан кешірім сұрады.





Актер Асылхан Төлепов жағдайды түсіндіріп өтті.

"Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз", - деді ол.
Асылханның ағасы Артур да бұл қадамға не үшін барғанын ашық білдірді.
"Өз басым үйдегілерге айтып, біздің халыққа жақсы дүние шыққан екен, ақшамызды тапсырайық, барайық деп барлығын көндірген мен болатынмын. Біз де өздеріңіз сияқты салымшы болдық, мінекей", - деді ол.
Ағайынды Төлеповтер 13 миллион теңгеге шығындалғанын жасырған жоқ.
"Бізге де оңай соққан жоқ. Интернет желісінде "Әртістерді жазалау керек", "Олар халықты сендіре білген" деп жатыр. Құрметті ағайын, біз де өздеріңіз секілді қарапайым азаматтардың біріміз, біз де жақсы жағына шыққымыз келген, үстінен ақша көргіміз келді. Сондықтан барлығыңыздан басымызды иіп, кешірім сұраймыз", - деді актерлер.

Желі оқырмандары өнер иелеріне халықты алдап, жарнама жасамау керектігін жазып жатыр. Оқырмандардың бірі: "Бұндай ломбард бар екенін сендердің жарнамаларыңнан соң білдік. Сендер болмағанда білмес едік. Сендерге сенгеніміз үшін кінәліміз. Жарнамаға түсуді тоқтатыңдар", деп ашынған пікір қалдырған.