"Сезімнен тоңатын өмірді таңдадым": Жабырқаулы Ақбота-Нұр оқырмандарын алаңдатып қойды

0
2 017

"Мен әрдайым сезімнен тоңатын өмірді таңдадым..." - , дейді әнші.


Өнерінен бұрын жеке өмірі талқыға көп түсетін Ақбота-Нұр бұл жолы да оқырмандарын ойға салып қойды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Сенің суық жүрегіңе қаншама махаббатты төктім. Қаншама рет сол мұздай жүрегіңде тайғанақтап құладым. Жараландым. Қайта тұрып, сол мұз жүректе махаббатпен асыр салып ойнап, бақытты болдым. Қанша таңдау тұрса да, мен әрдайым сезімнен тоңатын өмірді таңдадым..." деп жазды.

Жазбамен қоса жарияланған суреттен әншінің мұңайып тұрғанын, шаршағанын байқау қиын емес.

Бұ сурет пен жазбаны көрген оқырмандардың ойы сан-саққа кетті. Олар жас қыздың жазбасын бұрынғы некесімен байланыстыруда. "Екі баланың әкесі Дауренді ұмыта алады дейсің ба, ол жақсы болсын, жаман болсын, жүрекке әмір жүрмейді", "Қамықпа, Ақбота, жарқын өмірің алдыңда...Алла балапандарыңның қызығын көруге нәсіп етсін!" деген пікірлер көптеп жазылған.

Бірақ әншінің бұл суреті мен жазбасы оның жаңа жобасына қатысты болуы мүмкін. Өйткені жазба соңын әнші солай аяқтаған.